Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15 КО) Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен жүздесті, деп хабарлайды
Vesti.kz порталы ZHANKOSH TURAROV TEAM командасының пиар-менеджері Серік Ноянға сілтеме жасап.
Кездесу барысында әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров министрге өз командасының жаңа логотипі белгіленген жейдені сыйға тартты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде былғары қолғап шеберіне 9-қыркүйекте Астана өткізетін жекпе-жегіне жеңіс тілеп, батасын берді.
Тұраровтың қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэге 25 кездесуі өткізіп 21 жеңіске жеткен боксшы. Тұраров болса кәсіпқой рингте 21 жекпе-жегінің бәрін ұтып, 15 мәрте нокаут тіркеген.
Жарнама