Профи-бокс
2 қыркүйек 2017 11:43
 
Екінші баланы күтіп жүрміз - Головкин

  Пікірлер

blog.share

Екінші баланы күтіп жүрміз - Головкин Геннадий Головкин ұлымен. © Getty Images

WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин екінші баласы дүниеге келетінін мәлімдеді. Бұл туралы боксшы L'Equipe француз газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр, себебі ол команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз. Ол осында, АҚШ-та туады", - деді Головкин.

Айта кетейік, биыл 7 шілдеде 35 жастағы Головкин үйленгеніне 10 жыл толғанын тойлады. Бұл бірдей сандарға келетін күні аталып өтті - 7.07.2007. Оның әйелі Алина да Қарағандының тумасы, өзі жайлы интернетте жария ете бермейді. Жұп тойға дейін жеті жыл кездесіп жүріпті. Алина Головкинаның екі жоғары білімі бар, алайда отбасы үшін мансабынан бас тартқан. 2009 жылы олардың Вадим есімді баласы дүниеге келген, оның есімі боксшының қайтыс болған ағасының құрметіне қойыдған. Бала хоккеймен айналысады.

Жарнама

Живи спортом!