Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Маған Қанат Исламның жұдырықтасу мәнері ұнайды - Қуат "Найман" Хамитов

Ережесіз жекпе-жек өкілі Қанат Ислам туралы пікірімен бөлісті.


Қазақстандық танымал жекпе-жек өкілі, Қуат «Найман» Хамитов Қанат Исламның Астанада Брэндон Кукке қарсы өтетін жекпе-жегіне қатысты Qsport.kz  порталына өз ойымен бөлісті.

"Жалпы, бұл кездесу жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген екі алыптың шайқасы болайын деп тұр. Екеуі де тәжірибелі болғандықтан жекпе-жек көрермендердің айызын қандырайын деп тұр. Себебі, бұл кеште спорттық мансабында жеңілістің не екенін білмеген қос былғары қолғап шеберінің біреуі жеңіледі. Яғни, шаршы алаңда QAZAQ-та Кукте аянып қалмайды. Осындай тіс қаққан қарсыластар кездескенде нокаут көруіміз неғайбыл. Меніңше, Қанат Ислам ұпай санымен жеңіске жететін сияқты. Әлбетте, нокаутпен жеңсе, нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын. Жалпы маған Қанат бауырымыздың жұдырықтасу мәнері ұнайды. Шаршы алаңда өзін еркін сезініп, қарсыласын жойқын соққысының астына алады да, дер кезінде қорғанысқа да көше біледі. Отандасымыздың Алматыда өткізген кездесуі ең керемет жекпе-жегінің бірі болды деп ойлаймын. Қазақтың жігіттері Қанат Ислам сияқты болса, елімнің барлық ерлері намысқой, ұлтжанды болатын еді", – деп жекпе-жек туралы пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтетін кештің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат QAZAQ Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

Сонымен қатар бұл бокс кешінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді отандастарымыз өнер көрсетеді.
  Пікір: 0
  0