Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Головкин басым болса да, бәрібір жеңісті "Канелоға" береді - Қуат "Найман" Хамитов

Қазақстандық спортшы алдағы кездесуге болжамын жасады.


Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат "Найман" Хамитов Vesti.kz порталының тілшісіне орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

"МакГрегор - Мейвезер арасындағы кездесудің ерте өтетініне байланысты Головкин мен Альварес арасындағы кездесу шамалы көлеңкеде қалып қойды. Шоу жағынан жанкүйер жинау жағынан артта. Сондықтан да ММА жұлдызы мен әлемнің үздік боксшысы арасындағы кездесудің жанкүйерлері көп болады деп ойлаймын. 

Головкин - біздің отандасымыз. Әрине жекпе-жекті тамашалаймыз. Тілеуін де тілейміз. Екі боксшы да нокдаун, нокаутпен жеңіске жетеміз деп жатыр. Менің ойымша, бұлай болмайды. Екі боксшы да осыған дейін 12 раундтық жекпе-жектен өткізді. Бірақ Альвареске қарағанда Головкиннің қарсыласы қиындау болды. Сол үшін алдағы кездесу де 12 раундқа созылады деп ойлаймын. 

Екі боксшының да соққысы мықты. Рингті жақсы сезініп, еркін қимылдайды. Дегенмен де Альварес Головкинге қарағанда шапшаңдау. Шеберлігі де арты түсті. Бізді қызық жекпе-жек күтіп тұр. Головкинге ұпай саны бойынша жеңіске жету қиын болады. Өйткені, бұл бокс кешін "Канелоның" командасы ұйымдастырып жатыр. Егер тіпті Головкин жекпе-жек кезінде басым болса да, бәрібір жеңісті мексикалық боксшыға береді. Головкин ұпай саны бойынша жеңіске жету үшін Альваресті кемінде екі рет нокдаунға түсіруі керек. Бірінші рет алтыншы раундқа дейін, екінші рет алтыншы раундтан кейін. 

Головкиннің денесі ірі әрі тәжірибесі молырақ. Сондықтан Головкин нокаутпен жеңіске жетуі ықтимал. Ол қалай да жеңіске жетуі керек", - дейді Хамитов. 

Еске салайық, Головкин мен Альваресті допингтен VADA ұйымы тексерген. Еске салайық, бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.



  Пікір: 0
  0