auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды
Қазақстандағы ең талантты боксшылардың бірі Жәнібек Әлімханұлы Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында өтетін бокс кешінде бразилиялық Кармелито де Жезуспен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғандық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңына осымен екінші рет шығайын деп жатыр. Ал оның қарсыласы Жезус болса 23 кездесу өткізген. Кармелито оның 18-де жеңіске жетсе, (15 нокаут) 5 кездесуінде жеңіліп қалған. 

Кармелито де Жезус өзінің соңғы кездесуін бос тұрған IBF Inter-Continental белбеуін үшін өткізіп, төрешілердің шешімімен италиялық Орландо Фьердиджилиодан жеңіліп қалған. 

Жәнібек Әлімханұлы бокстан спорт шебері. Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалын шықты. Сонымен қатар Азия чемпионы деген атағы да бар. Кәсіпқой бокста ол бір кездесу өткізіп, колумбиялық Милтон Нуньестен үстем түскен. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл бокс кешінде жұдықтасатын бірнеше қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болған еді. Тарқатып айтсақ, Руслан Мырсатаев Майк Бологунмен кездеседі, Мейірім Нұрсұлтанов Исмаэль Буэномен, Димаш Ниязов Чарлес Мулиндвамен кездесетіні анықталды. 

Ал  Жанқош Тұраровтың қарсыласы белгілі болған еді. Ол аргентинкалық Бруно Леонардо Ромэмен жұдырықтасады.

Еске салайық, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама