Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) промоутері Филипп Фондю ресми түрде отандасымыздың келесі қарсыласын хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы.
Жақиянов 21 қазан күні Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт болады. Ирландиялық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 9 рет ол қарсыласын нокаутқа жіберген.
Ал Жақиянов болса 27 кездесу өткізіп, тек бір жекпе-жекте жеңілістің кермек дәмін татқан. Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 11 ақпан күні Толеде (АҚШ) қаласында шығып, америкалық Роуши Уорреннен үстем түсіп, жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен Жақиянов IBO белбеуінен бас тартты.

Жарнама