Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мейвезерді шықпыртып сабап Showtime арнасының басты жұлдызына айналамын - МакГрегор

Осыған дейін, МакГрегор спарринг кезінде нокаутқа түсіп қалғаны хабарланды.


UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық боксшы Флойд Мейвезерді жеңгеннен кейін Showtime арнасының басты жұлдызына айналатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тыңдаңыздар, иә мұнда тек кәсіп, одан артық ештеңе де жоқ. Түптеп келгенде Флойдты балаша сабап тастағаннан кейін, менің спортқа қайтып келуім үшін олар меаған жалынатын болады, ал Флойд мәңгіге спорттан кетеді. Showtime арнасын менің алақанымда болады. Флойд көпке шыдамайды, Showtime кімге бәс тігеді? Олар Мейвезерден бас тартып маған келеді. Сол себепті олар маған қазірден бастап қарым-қатынасын дұрыстауы тиіс", - деп жазды vRINGe.com порталы МакГрегордың сөзін. 

Айта кетейік, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. 

Осыған дейін, МакГрегор спарринг кезінде нокаутқа түсіп қалғаны хабарланды. 
  Пікір: 0
  0