Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын қалай нокаутқа түсіргенін айтып берді

Боксшымыз қарасыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (3-0-0, 2 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне өзінің соңғы кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

- Сырттан қарағанда менің кездесуім оңай болған сияқты көрінеді. Бірақ бокста оңай кездесу болмайды, - дейді боксшы. 

- Жекпе-жекке қандай жоспармен шыққан едіңіз?

- Әрине, жеңіске жету керекпін деп шықтым. Дегенмен қарсыласымды осылай тез нокаутқа түсіру ойда болмады. 

- Қарсыласыңыз есеңгіреп қалғанда қандай ойда болдыңыз? 

- Бірден тағы да соққы жасап, соңына дейін құлатуды ойладым. Шабуылымды аяқтау ойда тұрды. 

- Нокаутыңыз әдемі болды. Жекпе-жектен кейін бапкерлеріңіз не деді?

- Ерекше ештеме айтпады. Барлығы құттықтады. 

- Енді алдағы жоспарыңыз туралы айтып берсеңіз ...

- Қазір жоспарым туралы ештеме айта алмаймын. Келер аптада келесі кездесуі және басқа да дүниелердің шет жағасы белгілі болып қалады. 

 Еске салайық, орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов бүгін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында кәсіпқой бокстағы өзінің үшінші кездесуін өткізіп, америкалық Лэнни Дардардың бірінші раундта нокаутқа түсірді. 






  Пікір: 0
  0