auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сондерстің 16 қыркүйекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Сондерстің 16 қыркүйекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
© boxingnewsonline.net
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің 16 қыркүйекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол Вилли Монромен қолғап түйістіреді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 16 қыркүйекте Лондондағы "Коппер-Бокс" аренасында өтеді. Осы күні Лас-Фегаста WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жұдырықтасады. Айта кетейік, қазақстандық боксшы орта салмақта абсолют чемпион болу үшін Сондерстің иелігіндегі WBO титулын алуы қажет.

Еске салайық, бастапқыда Сондерс міндетті үміткер Автандил Хурцидземен кездесуі керек еді, алайда шілдеге белгіленген жекпе-жек грузиннің қамауға алынуына байланысты өтпей қалған.

Ал Монро осыған дейінгі жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізген. Сол кезде ол отандасы Габриэль Росадоны қазылар алқасының бірауыздан жасаған шешімі бойынша жеңді. 2015 жылдың мамырында Монро Головкиннен алтыншы раундта жеңіліп қалған еді.

Ал Сондерс рингке соңғы рет 2016 жылдың желтоқсанында көтерілген, сол кезде ол ресейлік боксшы Артур Акавовоты әрең жеңген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама