WBO белбеуінің бұрынғы иегері Питер Куиллиннің ойынша мексикалық Сауль "Канело" Альварес өзіне лайықты мойындауларға қол жеткізбеген, - деп хабарлайды
worldboxingnews.net.
"Канелоның" адамдары өзіне лайықты мүмкіндіктер беріп жатқан жоқ. Ол төбелесіп бастағалы, үйренумен келе жатыр. Ол әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі Мейвезермен жекпе-жекке шықты. Ол сол жекпе-жекте түйгендерін қолданып жүр.
Ал Головкиннен алар ештеңе жоқ. Оны бір қаһарман етіп көрсетеді, алайда соңғы жекпе-жегінде оның қарапайым адам екені көрініп қалды. Менің ойымша, "Канело" мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек қызық болар еді, алайда барлығын ақша шешеді. Бұл әр адамның көргісі келетін жекпе-жек болары сөзсіз. Кіл мықтының жеңіске жеткенін қалаймын", - деді Куиллин.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастың (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
Жарнама