auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жанқош Тұраров келесі қарсыласы туралы және кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді

Жанқош Тұраров келесі қарсыласы туралы және кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді
Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне 21 шілде күні АҚШ-та өтетін жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтып берді. 

- Келесі қарсыласыңыз Бруно Леонардо Ромэйдің рейтингі жоғары екенін көрдік. Жалпы қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?

- Иә, оның рейтингі жоғары. Бірақ дәл қазір қарсыласым туралы нақты ештеме айта алмаймын. Алдағы уақытта Ромэйді зерттеп, дайындалатын боламыз. Бұл кездесуде жеңіске жету үшін еңбектеніп, жақсы жекпе-жек өткізуге тырысамын. 

- Жалпы алдағы кездесуге дайындығыңыз қалай болады?

- Мен жаттығу жұмыстарын екі апта бұрын бастадым. Бірер күнде АҚШ-қа жол жүріп, сол жақта дайындықтарымды ары қарай жалғастырамын. Шамасы Майамидегі жаттығу залында дайындалатын шығармын. 

- Бүгінде біздің елдің жанкүйерлері кәсіпқой бокс әлемін зерттеп, біліп қалды. Қазақ боксшысы мықты қарсыласпен шықса, ол жекпе-жек маңайында көп әңгіме де айталады. Бағана да айттық, сіздің келесі қарсыласыңыз мықты. Бұл қарсыласпен жекпе-жек өткізуге қалай қол жеткіздіңіз?

- Қарсыластың нақты қалай таңдалғанын айта алмаймын. Өйткені, қарсылас таңдау жұмысымен менің промоутерлерім айналысады. Мен де негізі қарсыласым жайлы кеше білдім. 

- Бұл жекпе-жек ретинг үшін өтеніні белгілі. Осы кездесуден кейін елордамызда белбеу үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігіңіз қандай?

- Уақыттың алдына түсіп жүгірген жөн емес. Алдымен келесі кездесуімді аман-есен өткізіп алайын. Содан соң белбеу туралы сөз қозғаймыз. Жалпы Астанада белбеу үшін кездесу өткізетін жоспар бар. 

Еске салайық, Жанқош Тұраров пен Бруно Леонардо Ромэй (21-4-0, 18 КО) арасындағы кездесу 21 шілде күні АҚШ-тың Флорида штатында өтеді. 

29 жастағы аргентиналық боксшы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, оның 21-де жеңіске жетсе, 18 кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген. Соңғы рет ол 2015 жылдың мамыр айында Райан Янгтен ұпай айырмасы бойынша жеңілген. Ал соңғы кездесуін 2017 жылдың 14 мамырында отандасы Мартин Алехандро Куроскиге қарсы өткізіп, жетінші раунда нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен.

Жанқош Тұраров соңғы рет мамыр айында жекпе-жек өткізген еді. АҚШ-та өткізген кездесуінде мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама