auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қуат "Найман" Хамитов Мейвезер-МакГрегор жекпе-жегінде кімнің жеңімпаз болатынын айтты

Қуат "Найман" Хамитов Мейвезер-МакГрегор жекпе-жегінде кімнің жеңімпаз болатынын айтты
Аралас жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов Vesti.kz порталына берген сұхбатында Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді.

"Мейвезер - МакГрегор кездесуі ең қызықты әрі тартысты кездесу болмақшы. Р4Р үздік боксшысы ММА-ның ең мықты спортшысына қарсы шығады. Бұл дегеніміз кезінде Әлидің жапониялық спортшыға қарсы ММА әдісі бойынша шыққаны туралы еске түседі. Ал жекпе-жек туралы айтатын болсақ, Мейвезердің басым түсетіні айдан анық", - деді ол.

Сонымен қатар, айтуынша, кез келген жекпе-жекте спортшылар шаршы алаңға шыққанда екеуі ғана бетпе-бет қалады. "Әркімнің де жеңіске үміті бар. МакГрегор бір раундтық кездесулерге дағдыланған, ол үшінші-төртінші раундта бойының және қолының ұзындығын пайдаланып жақсы соққылар жіберуіне болады. Сонымен қатар, ол солақай. Егер кездесу төрт раундтан асатын болса, біз онда бір спортшының екіншісін күл талқанын шығарғанына куә боламыз. Бұл құдды әкесі баласын сабағандай болады. Қорытынды туралы айтар болсам, Флойд дискваликация арқылы жеңеді, себебі МакГрегор соққылардың барлығына шыдап тұра бермей, ережені бұзып өзінікін жасайд", - дейді Хамитов.

Қазақстандықтың айтуынша, ол осы жекпе-жекті тарихи кездесу деп атады және трансляциясын сатып алатынын жеткізді. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта спортшылардың өзіне деңгейі төмен қарсыласты таңдайтынын, ал осы жекпе-жекте ең мықтылар шығатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастағы T-mobile Аrena-да өтеді. Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама