Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Уорд Ковалевпен қарымта кездесу үшін қанша алатыны белгілі болды

Уорд қарсыласына қаржы аз тию үшін бокс кешін жарнамаламай жатыр деп айыпталуда.


© vRINGe.com
© vRINGe.com
Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің (30-1-1, 26 КО) қазіргі чемпион Андре Уордқа (31-0, 15 КО) деген жеккөрініші төленетін гонорар айырмашылығына байланысты болуы мүмкін, - деп хабарлайды vringe.com.

Қарымта кездесу үшін Андре Уорд кемінде алты миллион доллар алады, ал Ковалевтің ақысы билет сатылымы мен ақылы көрсетілім (PPV) жиған қаржыға байланысты болады. 

Ковалевтің менджері Эгис Климастың пікірінше, Уорд ресейлік боксшының гонорары адамның күлкісін келтіретіндей болу үшін медиа жарнамаға әдейі мән бермеген. 

Ал Roc Nation Sports компаниясының стратегиялық даму бойынша президенті Майкл Йормарк бұл пікір шындыққа үйлеспейтінін айтады. Өйткені соңғы баспасөз мәслихатын Ковалевтің өзі көзге ілмей, ерте шығып кеткен. 

"Сергей алғашқы жарнамаға көп күш жұмсады. Ол американы толық айналып шықты. Уорд шоуды жарнамалауды ойлаған да жоқ. Оған бұл керек те жоқ. Оның әкетайы бар (Jay Z), ол қандай жағдайда да Уордқа жеті миллион төлейді. Сергей болса әрбір тиын үшін тер төгуі керек", - дейді Климас. 

"Сергей қаржыны оңай тапқан жоқ. Ал Уорд өз компаниясының табысынан да артық алады. Мен Сергейдің неге мәслихаттан ерте шығып кеткенін түсінемін. Ол маған былай деді: "Білесің бе, ығырым шықты. Енді ол камераға кішкене жұмыс істесін", - дейді Ковалевтің промоутері Кэти Дува.

Еске салайық, Ковалев-Уорд жекпе-жегі 17 маусымда Лас-Вегаста өтеді. Олардың алғашқы кездесуі былтыр қарашада өтіп, төрешілер шешімімен Уорд жеңіске жеткен. 

Қазақстанда бұл жекпе-жекті "Хабар" арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілімнің басталауы Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де (18 маусым).  
  Пікір: 0
  0