Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қанат Ислам Бауыржан Байбекке чемпиондық белбеуін сыйға тартты

Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады.


Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек кәсіпқой боксшы Қанат Исламды (24-0-0,19КО) қабылдап, жеңісімен құттықтады. Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook парақшасында хабарлады.

Кездесу барысында Қанат Ислам Бауыржан Байбекке өзінің чемпиондық белбеуін сыйға тартқан.

"Спортқа жанашырлығыңыз бен жарқын болашақ үшін жасап жүрген еңбегіңізге ризашылық білдіріп, інілік көңілмен сізге осы белбеуді сыйлаймын", - деді Қанат Ислам.



Сондай-ақ, белбеуге "Бауыржан Байбек ағама Қанат Исламнан естелік" деген сөз қашалып жазылған. Өз кезегінде қала əкімі ЭКПО-2017 көрмесі аясында өтетін байрақты бəсекеде Қанат Ислам жеңіске жетіп, Қазақ еліне тағы да қуаныш сыйлайтынына сенімді екенін айтты.

Айта кетейік, Алматы қаласы əкімдігі Қанат Исламның АҚШ-та өткен жекпе-жегінің бас серіктесі болды. Сондай-ақ, 2016 жылы "Алматы аренада" өткен бокс кешіне де қолдау көрсеткен болатын.



Берік Сұлтанның айтуынша, жақын күндері боксшының  "QAZAQ" командасы БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз маслихаты ұйымдастырады.



Еске сала кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде Норберто Гонсалеспен 12 раунд бойы жұдырықтасып, ұпай санымен жеңіске жетті. Жарыс нәтижесі бойынша Қанат бірінші орта салмақта WBO Inter-Continental және NABO, WBA Inter-Continental және Fedelatin титулының иегері атанып, boxrec порталының әлемдік рейтингінде бірінші орта салмақта жұдырықтасатын 1804 боксшының ішінен 82 ұпаймен 26 орыннан көрінді. Ал соңғы жаңартылған ретингте Қанат 22 орынан көрінді.

  Пікір: 0
  0