Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Канело" ешкім жасай алмағанды істеді - Мейвезерді 16 қыркүйектен ысырып тастады

16 қыркүйек Мексиканың Тәуелсіздік күні.


© titus.kz
© titus.kz
Промоутер Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегін 16 қыркүйекте - Мексиканың Тәуелсіздік күні өткізуге көп кұш жұмсағанын айтады. Промоутердің сөзінше, Мейвезер мен МакГрегор де жекпе-жектерін осы күнге белгілегісі келетіндігін алдын ала білген.

"Бұл рас. "Канело" үшін 16 қыркүйекке белгілеу маңызды болды. Бұл бокс үшін маңызды күн. "Канело" бұған дейін ешкім жасай алмағанды істеді - Мейвезерді 16 қыркүйектен ысырып тастады. Ұсыныстардың бәрі жақсы болды және Джерри Джонс та осы күні жекпе-жек өткізгісі келді, бірақ, "Канело" айтқанынан таймады", - дейді Де Ла Хойя boxingscene.com басылымына.

Еске салайық, жақында Мейвезер мен МакГрегор жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегастағы T-mobile аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жек бокс ережелері бойынша өтеді және ақылы трансляция (PPV) арқылы көрсетіледі. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер-МакГрегор кездесуінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллар) болмақ.

Ал Головкин мен Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте дәл осы аренада өтеді. Сарапшылардың көпшілігі Мейвезер-МакГрегор жекпе-жегі Головкин-"Канело" кездесуіне кері әсер етеді деген пікірде.
  Пікір: 0
  0