Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегі Пакьяомен болған кездесуден ауқымдырақ болады - UFC президенті

Жалпы бұл кездесудің ұйымдастырушылары жекпе-жектен жалпы 500 миллион доллар фунт (636 миллион доллар) көлемінде кіріс кіргізуді көздеп отыр.


© allfight.ru
© allfight.ru
UFC президенті Дэн Уайттың ойынша, жеңіл салмақта ирландиялық UFC чемпионы Конор МакГрегор мен бокстан бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жектің д"әрежесі өте жоғары болатынын және осы кездесу бұрынғы өткен және көрермендер асыға күткен Флойд Мейвезер-Мэнни Пакьяо жекпе-жегін басып озады, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Менің ойымша Мейвезер - Пакьяо жекпе-жегіне қарағанда, бұл кездесу бүкіл жаһанды қамтиды", - деді Уайт.

Айта кетейік, Америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесу орта салмақта - 69,85 келі салмақта бокс ережесі бойынша өтеді. Бүгін, 15 маусым күні Мейвезер ресми түрде МакГрегорға қарсы кездесу 26 тамыз күні өтетінін жариялаған болатын Жекпе-жек 20 мың жанкүйерге арналған T-Mobile Arena аренасында өтеді.

"Біз келіссөздерді біршама уақыт жүргіздік. Келіссөз сәтті өтті. Флойдың командасында ақылды адамдар бар. Сондықтан да біз бұл кездесуді өткізу туралы келісімге келдік", - дейді Уайт.

Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор өзара кездесуі үшін әрқайсысы 100 миллион доллар сыйақы алады. Жалпы бұл кездесудің ұйымдастырушылары жекпе-жектен жалпы 500 миллион доллар фунт (636 миллион доллар) көлемінде кіріс кіргізуді көздеп отыр. Бірақ бұл кездесудің телетрансляциясынан түсетін пайданы Showtime, Sky Sports және BT Sports арналары бөлісіп алады.

Айта кетейік, "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
  Пікір: 0
  0