auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Танымал бокс порталы Головкиннің соңғы үш кездесуін бағалады

Танымал бокс порталы Головкиннің соңғы үш кездесуін бағалады
Бокс әлеміндегі танымал порталдардың бірі Worldboxingnews.net орта салмақтағы орта салмақтағы WBA(Super) IBО IBF WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы өткізетін жекпе-жегінің алдында қазақстандық боксшының соңғы үш кездесуін еске түсіріп, отандасымызға баға берді. 

"2016 жылдың сәуірінде "Forum" спорт кешенінде Доминик Уэйдпен өткізген Головкиннің кездесуін болжау оңай еді. GGG кездесуде қарсыласын екі раундың ішінде ақ жеңіп тастады. Сондықтанда 10 балдық жүйемен 7 деген баға беруге болады. Ал Келл Брукқа қарсы кездесуде Головкиннің салмақ жағынан қарсыласынан үстем түсіп тұрды. Қарсыласының соққылары да ауыр емес еді. Бұл жекпе-жекке 8/10 деген балл қойдық. Дэниэль Джейкобс қазіргі уақытқа дейінгі Головкиннің ең мықты қарсыласы болды. Соған қарамастан ол Джейкобсты төртінші раундта бір рет нокдаунға жіберді. Жекпе-жекке 6/10 деген балл берілді", - деп жазады басылым. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.

Жекпе-жекте Головкинге тиесілі төрт чемпиондық белбеудің барлығы ортаға салынады. Ал "Канело" болса The Ring журналының арнайы белбеуін қояды. HBO телеарнасы кездесуді ақылы жүйе бойынша (PPV) тікелей эфирде көрсетеді.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама