auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

МакГрегор Мейвезерді нокаутқа түсіретініне жүз пайыз сенімді - UFC президенті

МакГрегор Мейвезерді нокаутқа түсіретініне жүз пайыз сенімді - UFC президенті
©thebiglead.com
UFC президенті Дана Уайт америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесу туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды "Чемпионат.com" порталы. 

"Біз бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін ұзақ уақыт келіссөз жүргіздік. Келіссөз мен ойлағаннан жеңіл өтті. Флойд өте ақылды адам. Оның командасында да ақылды адамдар жиналған. Біз екі тараптың да көңілінен шығатын шешімге келдік. 

Мен Конормен соңғы рет сөйлескен кезімде ол Флойд Мейвезерді нокаутқа түсіретініне сенімді болды. Бірақ уақыттың алдына түсіп жүгіргеніміз дұрыс болмас. Өйткені, бұл кездесуде шаршы алаңда не боларын ешкім білмейді. Конор МакГрегордың дене бітімі ірі, мықтырақ. Бірақ Мейвезер шымыр және әлемдегі ең мықты боксшылардың бірін. Конор - ережесіз жекпе-жектегі үздік спортшы болса, ал Мейвезер - жүз пайыз мықты боксшы. Дейтұрғанмен де мен әлдеқашан Конор МакГрегордан күмәнданбайтын болдым", - деп келтіреді Уайттың сөзін Mirror басылымы. 

Айта кетейік, бұл кездесуде МакГрегор карьерасында тұңғыш рет бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді. Ал кіші Мейвезер болса шаршы алаңға соңғы рет 2015 жылдың қыркүйек айында шыққан болатын.

Еске салайық, бүгін 15 маусым күні кіші Флойд Мейвезер мен Конор арасындағы кездесудің өтетіні ресми жарияланған болатын. Кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Жекпе-жек бокс ережесі бойынша бірінші орта салмақта - 69,85 келіде өтеді деп жоспарлануда.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама