Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың келесі қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз келесі кездесуін екінші жеңіл салмақта WBC International белбеуі үшін өткізеді. Бұл туралы АllFight.ru порталы хабарлап отыр.
Жекпе-жек 6 шілде күні Магнитогорск қаласында өтеді. Шарипованың қарсыласы 28 жастағы ресейлік Юлия Куценко болмақ. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 8 кездесу өткізіп, 7 кездесуде жеңіске жетсе, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.
Еске салайық, Шарипова тамыз айының 30 күні елордамыз Астанада қаласында WBC тұжырымының толыққанды чемпионы атағы үшін кездесу өткізуге ниетті.
Жарнама