auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин Cондерспен келіссөздер жүргізіп жатыр деген мәлімет жоққа шығарылды

Головкин Cондерспен келіссөздер жүргізіп жатыр деген мәлімет жоққа шығарылды
Том Леффлер. © USA Today
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен биыл жазда Астанада жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр деген мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жалған мәлімет. Головкин 18 наурызда өтетін жекпе-жекке бар күшін салып жатыр. Жеңіске жетсе, әрине, біз Сауль "Канело" Альвареспен кездескіміз келеді. Менің негізгі жұмысым - Геннадийге алдын ала мықты әрі қарсылас бола алады деген боксшыларды табу. Бірақ қазір біз үшін ең маңыздысы - Джейкобспен өтетін кездесу, себебі, ол Геннадийдің мансап жолындағы ең мықты қарсылас", - деді промоутер.

Сондай-ақ, Том Леффлер "Канелоның" 6 мамырда үлкен жекпе-жек өткізетінін айтты. "Әрине, "Канеломен" жекпе-жек өткізсек, бұл ең үлкен кездесу болатыны сөзсіз. Головкиннің наурыздағы жекпе-жегі мен "Канелоның" мамырдағы жекпе-жегі қалай аяқталатынын көреміз. Наурыздағы кездесу сәтті өтіп, Головкин соңғы бес жылда армандаған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын", - деді Том Леффлер.

Еске сала кетейік, осыған дейін БАҚ-тарда Головкин мен Сондерс жазда Қазақстанда жұдырықтасатыны жайлы хабарланған болатын. "Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қарсы, жекпе-жек Қазақстанда өтеді", - делінген еді Boxing Legends TV арнасының парақшасында. Айта кетейік, GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама