Профи-бокс
8 маусым 2017 11:58
 

Жанат Жақиянов келесі кездесуін қайда өткізуі мүмкін?

  Пікірлер

blog.share

Жанат Жақиянов келесі кездесуін қайда өткізуі мүмкін? ©twitter.com

Ағылшындық MMAPlus.co.uk порталының тілшісі Бен Смит Vesti.kz порталының тілшісіне жеңіл салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін және бұл кездесу қайда өтуі ықтимал екенін айтып берді. 

"Қазіргі уақытта жеңіл салмақта өнер көрсететін Пол Баттлердің промоутері WBA чемпиондық белбеуіне көз тігіп отыр. Сондықтан да Жанат Жақиянов алдағы уақытта осы боксшымен кездесуі мүмкін. Менің ойымша, бұл жекпе-жек күзде Анлияда өтеді. Егер Жақиянов бұл жекпе-жекті өткізуге келісім берсе, үлкен көлемде сыйақы алады. Бірақ бұл қазақстандық боксшы үшін қауіпті кездесу болмақ. Себебі, Баттлер жеңіл салмақтағы мықты боксшылардың бірі", - дейді Бен Смит. 

Британдық боксшы Пол Баттлер қазіргі уақытта WBA рейтингінде сегізінші сатыға жайғасқан. Баттлер кәсіпқой бокста 22 кездесу өткізген. 12 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. Сондай-ақ оның еншісінде бір жеңіліс бар. 

Бұған дейін латынамерикалық комментатор Армандо Мендоза болса Жақиянов жуық арада IBF белбеуі үшін Ли Хаскинспен кездесуі ықтимал екенін айтқан. 

Еске салайық, 33 жастағы Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында 30 жастағы америкалық Роуши Уорренмен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Осылайша ол жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO ұйымдарының чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен қазақстандық боксшы IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты. 



blog.share
Ағылшындық MMAPlus.co.uk порталының тілшісі Бен Смит Vesti.kz порталының тілшісіне жеңіл салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы
Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін және бұл кездесу қайда өтуі ықтимал екенін айтып берді. 

"Қазіргі уақытта жеңіл салмақта өнер көрсететін Пол Баттлердің промоутері WBA чемпиондық белбеуіне көз тігіп отыр. Сондықтан да Жанат Жақиянов алдағы уақытта осы боксшымен кездесуі мүмкін. Менің ойымша, бұл жекпе-жек күзде Анлияда өтеді. Егер Жақиянов бұл жекпе-жекті өткізуге келісім берсе, үлкен көлемде сыйақы алады. Бірақ бұл қазақстандық боксшы үшін қауіпті кездесу болмақ. Себебі, Баттлер жеңіл салмақтағы мықты боксшылардың бірі", - дейді Бен Смит. 

Британдық боксшы Пол Баттлер қазіргі уақытта WBA рейтингінде сегізінші сатыға жайғасқан. Баттлер кәсіпқой бокста 22 кездесу өткізген. 12 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. Сондай-ақ оның еншісінде бір жеңіліс бар. 

Бұған дейін латынамерикалық комментатор Армандо Мендоза болса Жақиянов жуық арада IBF белбеуі үшін Ли Хаскинспен кездесуі ықтимал екенін айтқан. 

Еске салайық, 33 жастағы Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында 30 жастағы америкалық Роуши Уорренмен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Осылайша ол жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO ұйымдарының чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен қазақстандық боксшы IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты. 



Жарнама

Живи спортом!