Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды

Екінші орында боксшы жоқ екенін ескерер болсақ, Қанат Седрик Витудан кейінгі екінші боксшы деп айтуға да негіз бар.


Kanat Islam Team
Kanat Islam Team
Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды.

Отандасымыз осыған дейін "IBF Intercontinental" рейтингінде бірінші орынға шыққан болатын. Мамыр айының соңындағы жекпе-жек қорытындысы бойынша ұйымның ресми рейтингінде ең үздік үштік құрамға қосылды. Өткен айда 6-орында еді.

Қанат Ислам бақ сынайтын бірінші орта салмақта IBF чемпиондық атағы америкалық Джарретт Хёрд еншісінде. Ал үздік рейтинг көшін франциялық боксшы Седрик Виту бастап тұр. Екінші орында боксшы жоқ екенін ескерер болсақ, Қанат Седриктен кейінгі екінші боксшы деп айтуға негіз бар.



Айта кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында мексикалық боксшы Норберто Гонсалесті жеңіп, "WBO NABO" және "WBA Inter-Continental" чемпиондық атақтарына ие болған еді.

Орта салмақта бақ сынайтын Жанқош Тұраров болса, 12-орыннан 14-орынға төмен сырғыған. Ол да мамыр айында жекпе-жек өткізіп, мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта нокаутпен жеңген еді.
  Пікір: 0
  0