Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

27 мамыр күні таңда Қанат АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді.


Facebook.com (Kanat Islam)
Facebook.com (Kanat Islam)
Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған құрлықтық рейтингінде отандасымыз көш басына шықты. Екінші орында ағылшын Ахмет Паттерсон болса, үштікке Франция елінің боксшысы Закария Аттоу енген. Бұл салмақта чемпиондық атаққа ие боксшы - италиялық Орландо Фиордигиглио.



Айта кетейік, бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз WBO Intercontinental және WBA Fedelatin чемпиондық атақтарына ие. 27 мамыр күні таңда Қанат АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді. Қарсыласы – мексикалық боксшы Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez).

Норберто Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде. QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Қанат шаршы алаңға шығатын бокс кешінде Жанқош Тұраров та кезекті кездесуін өткізеді.
  Пікір: 0
  0