Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Ковалев пен Уорд арасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасуым мүмкін - Мейірім Нұрсұлтанов

Қазақстандық боксшы алдағы жоспарлары мен АҚШ-тағы өмірі туралы айтып берді.


Кәсіпқой бокста өз үлесінің барын дәлелдегісі келетін қарадомалақтарымыз көбейді. Солардың бірі – Мейірім Нұрсұлтанов. Әуесқой бокста жолы болмады дей алмайсың. Өзінің мықтылығын көрсете білді. Ұлттық құрамада да, «Астана арландарының» сапында да. Тек нөмірі бірінші боксшы ретінде Олимпиадада өнер көрсету мүмкіндігі бастапқыда қатарға қосылған 69 келіде де, кейіннен ауысқан 75 келіде де қиындау болған тәрізді. Сондықтан жұлдызды сәтін кәсіпқой бокстан іздеуді жөн санады. Әзірге аяқ алысы жаман емес. Екі кездесуінің екеуін де нокаутпен жеңді. Соңғы жекпе-жегінен соң елге оралған екен. АҚШ-тағы сегіз айының қалай өткенін және алдағы жоспары туралы Мейірімнің өз аузынан естісек.

– Мейірім, жақында ғана мексикалық Хавьер Ольвераны нокаутпен ұтып, АҚШ-тан жеңіспен оралдыңыз. Құтты болсын дейміз. Осы кездесу туралы айта кетсеңіз...

– Көп рақмет! Кездесу аса қиын болған жоқ. Тек бастапқыда басқа қарсыласқа дайындалғанмын. Бірақ аз ғана уақыт қалғанда қандай да бір себептермен қарсыласымды ауыстырып жібергенін естідік. Интернеттен мексикалық туралы мәлімет іздейін деп едім, таба алмадым. Қандай стильде бокстасатынан біліп алайын дегенмін. Сөйтсем бұл оның кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі екен. Ал жаттықтырушым «бірінші раундта қарсыласыңды зерттеп ал, оның стилін көреміз» деп ақылын айтты. Алғашқы раундта оның солақай екенін білдім. Алдымен біраз бақылап, тізгінді өз қолыма алған бойда бірнеше соққымды дарытып едім, әділқазылар алқасы кездесуді тоқтатып тастады.

– Ал бұл кездесуге қанша уаққыт дайындалдыңыз? Кәсіпқой боксқа ауысқаныңызға да көп бола қойған жоқ...

– Бізде жаттығуларда үзіліс болмайды. Күнделікті дайындық. Негізінен физикалық жағына басымдық береміз. Ал техникам сол қалпы. Тек аздаған түзетулер болды. Өз стилімде бокстасуды жалғастыра беремін.

– АҚШ-тағы бір күніңіз туралы айтып беріңізші...

– Әдетте таңертең 7-де тұрып, таңғы асымызды ішіп алған соң жаттығуға кірісеміз. Себебі, дайындық жұмыстары сағат 8-де басталады. Түрлі жаттығулар бар, әр күнге, уақыт-уақытымен есептеліп қойылған. Жаттығу жүгіруден басталады. Әдетте жолдың бойымен, тауда не жағажайда жүгіреміз. Сонан соң үйге келіп тынығып алған соң, сағат 4-те өзім жаттығу залына барып жалғыз дайындаламын. Кешке үйге келіп, Қазақстандағы туған-туыстармен хабарласамыз. АҚШ-та кеш батқанда, біздің елде таң атып жатады. Күнделікті өмірім осылай өтеді.

– АҚШ-қа бейімделу жағы қалай болды?

– Қиындықтар болған жоқ. Тез арада үйреніп кеттім. Бұған дейін айлап үй бетін көрмей оқу-жаттығу жиындарында жүретінбіз. Соның көмегі болған шығар.

– Қасыңызда жерлестеріміздің болуының да пайдасы тиген тәрізді...

– Иә, Мадияр Әшкеев бізден бұрын барды ғой, әрі жасы үлкен. Сондықтан ол бізге ақыл-кеңесін айтып, қажетті көмегін аяп жатқан жоқ. Мадиярға көп рақмет!

– Былтыр ғана кәсіпқой боқсқа кету жайлы шешім қабылдадыңыз. Ағаңыз Мерейдің айтуынша, ата- анаңыз бұл райыңыздан қайтаруға тырысқан. Оның үстіне құрамада қалуға мүмкіндік бар еді...

– Уақыт жоғалта бергім келмеді. Бұған дейін бірінші нөмірмен бокстаспағанымды өзіңіз де біліп отырсыз. Ойлана келе кәсіпқой бокстан өз жолымды тапсам деп шештім. Мерей мен ақылдастым. Рас, ата-анам қарсы болды. Бірақ Мерей қолдап, үйдегілерді де көндірді.

– Жеке бапкеріңіз мұны қалай қабылдады?

– Бұл – өзім қабылдаған шешім. Мерейден басқа ешкіммен ақылдасқан жоқпын.

– Нақты ұсыныстар болып па еді?

– Басында ұсыныстар болған. Олар менің көңілімнен шықпады. Талаптары мен жағдайы ұнамады. Мадиярмен сөйлескенмін, «келемін десең, көмектесуге дайынмын» деді. Қазір бәрі ойдағыдай. Жаттығу залындағы  жігіттердің басым бөлігі бір промоутерлік компанияға қарайды. Бір-бірімізге көмек қолын созып, тез тіл табысып кеттік.

– Алқашқы кездесуге шығар алдында толқу болған шығар? Қалай дегенмен кәсіпқой бокстағы бірінші қадамыңыз...

– Сол жолы Андре Уорд пен Сергей Ковалев жекпе-жегінің ардеркартында шықтым. Негізінен көпшілік алғашқы жекпе-жектерін 4 раундтық айқастан бастайды. Бапкерлеріммен сөйлесіп 6 раундқа шыққым келетінін айттым. Олар бұрынғы жекпе-жектерімді көргендіктен, рұқсатын берді. Дегенмен біраз қобалжығаным рас. Аллаға шүкір, кездесу сәтті өтіп, бірінші жеңісімді еншіме жаздым.

– Ал тәжірибелі қарсылас табу қаншалықты қиын?

– Оның бәрін промоутерлік компанияның басшылары шешеді. Бізге қай қарсыласты тапса, соған дайындаламыз. Таңдайтын деңгейге жеткен жоқпыз.

– Азды-көпті мұхит асқаныңызға 8 айға жуықтапты. Бойыңыздан өзгеріс байқадыңыз ба? Басқа адамдар, мүлде бөлек салт-дәстүр дегендей...

– Бұл сұраққа менің айналамдағылар жауап бергені дұрыс шығар. Жақсы жаққа қарай өзгеруге тырысып жүрмін. Бұрын бапкерлердің айтқанын ғана істейтінбіз. Қазір өзім үшін еңбек етуім керектігін түсіне бастадым. Менталитет бөлек. Бірақ адамдардың қарым-қатынасы жақсы.

– Ағылшыныңыз қалай еді?

– Мектеп пен университет қабырғасындағы деңгей болатын. Қазір үйрене бастадым. Керек екен. Бірақ бапкерім орыс тілін аздап біледі. Сол жағы көмек болып тұр. Жақын арада ағылшын тілінің курсына жазылсам ба деген ой бар.

– Тамақтану жағы қалай болды? Еттен қиналмадыңыз ба?

– Қиын болып жатыр (күліп). Үйге келіп сол сағынышты бастық.

– Салмақ ауыстыратын ойыңыз жоқ па?

– Осыған дейін 75 келіде бокстассам, қазір 72 келіге ауыстым. Әзірге осы салмақ өзіме ыңғайлы.

– Алдағы жоспар қалай? Келесі жекпе-жек қашан өтеді?

– Маусымның 17-сінде Ковалев пен Уорд арасындағы кездесуді күтіп жүрмын. Менеджерім сол жекпе-жектің андеркартына шығасың дегендей болды. Бүгінде келіссөздердің жүріп жатқандығынан хабардармын. Мұндай маңызды кештерде бокстасу мен сияқты енді ғана қадам басқан жастарға өте тиімді.

– Ұлттық құрамадағы жігіттермен қарым-қатынас қалай?

– Жігіттермен де, бапкерлермен де жақсы араласамыз. Сәлем беріп, қал- жағдай сұрау үшін арнайы барып келдім.

– Қандай кеңес бересіз?

– Біздің елде боксшылардың дайындығы жалпы жаман емес, тек аздап физика жағы ақсауы мүмкін. Осы мәселені ескерсек, кәсіпқой боксқа барғысы келетін жерлестеріме жеңіл болады деген үміттемін. Негізінен әркімнің жолы, таңдауы әртүрлі. Сондықтан нақты кеңестер бере аламын деп айта алмаймын.

– Ол жақта бәсеке жоғары. Көпшіліктің арасында ерекшелену үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

– Бұл да адамның өзіне байланысты. Өзгелерге қарағанда артық жаттығу жасаймын дей алмаймын. Негізінен өзіңді шаршы алаңда көрсетуің керек. Ол жақта шоуға көбірек мән береді. Шетелдік боксшылардың қарсылас тарапына неше түрлі ауыр сөздер айтып көзге түскісі келетіні сондықтан. Біздің етіміз бұған үйренбеген. Сондықтан рингте есте қаларлық бокс көрсетуге тырысамыз.

– Ендеше есте қаларлық жеңістеріңіз көп болсын!

Әңгімелескен – Мәдина АСЫЛБЕК.
  Пікір: 0
  0