auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

АҚШ пен Еуропа қазақ жігіттерінің бокстағы әлеуетінен бейхабар - Мадияр Әшкеев

АҚШ пен Еуропа қазақ жігіттерінің бокстағы әлеуетінен бейхабар - Мадияр Әшкеев
Қазақстанның ендігі "сенсациясы" деп бағаланған Мадияр Әшкеев сенбі күні келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды. Елге құжат мәселесін шешуге әрі сағынышын басуға келген боксшымызды алыс сапарға шығардан алдын әңгімеге тартып едік. Әшкеев мұхиттың ар жағындағы өмірі мен екі елдің айырмашылығы, алдағы кездесуі жайлы біраз қызықтың басын ашты.

– Мадияр, елге сегізінші жеңіспен оралдыңыз. Сіз үшін 8 раундтық кездесу қалай өтті?

– Рас, бұл менің алғашқы 8 раундтық айқасым. Бұған дейін тек 6 раундпен шектеліп жүрген соң, бұл кездесуге 3-4 ай дайындық жұмыстарын жүргіздім. Ал қарсыласымның кім болатынын тек бір ай қалғанда білдік. Ол солақай екен. Алғашқы қарсыластардың есімдері де белгісіз, рейтингтері де төмен болғандықтан, олардың әуселесін шаршы алаңда бір-ақ байқатынбыз. Соған қарап әрекет жасайтынмын. Сол кездегі бапкерім Роберт Гарсия да ақыл-кеңестерін беріп жүрді. Ал бұл жолы бір ай бойы Шон Кэмеронді әбден зерттедік. Соның арқасында 7-раундта таза жеңдім.

– Раундтар санының айырмашылығы қатты білінді ме?

– Бұған дейінгі кездесулерде тез жеңіп тастаймын деген оймен күшімді сарп етіп алатынмын. Мұхиттың арғы жағынан келіп тұрған соң еліңнің намысын абыроймен қорғағың келеді. Бірақ шаршағанымды сыртқа білдірмеуге тырысатынмын. Тәжірибенің аздығы да шығар. Ал сегіз раундық жекпе-жекте ондай асығыстықтың қажет еместігін түсініп, күшімді әр раундқа бөлдім. Соның арқасында айқас барысында сергек қимылдадым.



– Сіз жартылай кәсіпқой бокстан ауыстыңыз. "Астана арландары" сапындағы тәжірибенің кәсіпқой бокста қаншалықты пайдасы тиіп жатыр?

– "Арландар" сапында біз негізінен әуесқой бокстың тәртібімен дайындалатынбыз. Сондықтан кәсіпқой бокс дегеннің қандай болатынын соншалықты түсінген жоқпыз. Тек бес раундтық кездесулер өткізу біраз көмек болды. АҚШ-та жекпе-жектерге дайындалып бастағанда қиналғанымды жасырмаймын. Жаттығу процесі бөлек екен. Әуесқой бокста біз бапкерлердің алдын ала құрып берген жоспарымен жүретінбіз. Бәрі дайын. Ал кәсіпқой бокста барлығына өзің жауаптысың. Жаттықтырушы саған бағыт беруші ғана. "Лапа" ұстап, қарсыласыңның бірер кемшілігін айтумен шектеледі.

– Кәсіпқой боксқа ауысқаныңызға күзде 2 жыл толады екен. Осы уақыт аралығында АҚШ сізді "бөтенсіреген" жоқ. Кездесулердің барлығын жеңіспен аяқтап келесіз. Бұл елге бейімделу жағы қалай болды?

– Үйрену аса қиын болған жоқ. Өзіме ұнайтын жұмыспен айналысамын, оның үстіне отбасым жанымда. Бастапқыда жалғыз барып менеджерлер мен промоутерлер іздедім. Залдарды аралап дайындығымды көрсеттім. Екі жекпе-жектен соң промоутерлік компания маған келісімшарт ұсынды. Жағдайымды біраз қалыпқа келтіріп алып, отбасымды шақырттым.
Өзіме АҚШ-та жаттығу жасау ыңғайлы. Мүмкіндік мол. Өмір сүруге де, даярлық жұмыстарына да қажеттінің бәрі бар. Елге туған-туыстарды көріп, құжат мәселесін реттеп алу үшін келгенбіз. Сенбі күні қайта жолға шығамыз.



– Неге АҚШ-ты таңдадыңыз?

– "Астана арландары" сапында жүріп Олимпиада чемпионы кубалық Рониель Иглесиас Сотолонгоны ұтқанда, Дәурен Елеусіновтің промоутерлік компаниясынан ұсыныс келді. Бірақ келісімшартқа байланысты "арландардан" кете алған жоқпын. Арада жыл өткенде қайта хабарлассам, ол кісілер ұсыныс уақытының өткенін айтты. Бірақ сол ұжым шақырған кезде маған виза ашқан екен, соны пайдаланып неге бағымды сынап көрмеске деген ой келді. Оның үстіне кәсіпқой бокстағы жігіттердің сөзіне қарап та, бейнероликтерден де бокстың бұл түрінің отаны АҚШ, соның ішінде Лос-Анджелес екендігіне көзім жетті. Ағаларым материалдық қолдау көрсетіп мұхит астым. Негізі Жәнібек, Жандарбек деген ағаларымның сөзі де менің намысымды қайрады. "Өз атыңнан емес, елдің атынан кетіп бара жатырсың. Осыны ұмытпа! Әуесқой бокстағыдай бүгін жеңілсем, ертең жеңемін деген оймен емес, барыңды салып айқас" деп шығарып салған. Әр жекпе-жекке шығар алдында, жаттығуда шаршаған кездерімде осы сөздерді есіме аламын.

Тәуекелмен барып залдарды аралап жүрсем, бәрі сұрайды: "промоутерің кім, қанша кездесу өткіздің?" деп. Ағылшын тілін де білмеймін. "Zero"(нөл) деп қана жауап беремін. Бір жарым айдың ішінде жолым болып, тиісті адамдарға жолықтым.
Бізде мықты боксшылар көп, бокс мектебіміз де мықты. Тек былғары қолғап шеберлеріміздің мұхит асуына көбінде қаражат қолбайлау. Сондықтан АҚШ, Еуропа болсын қазақ балаларының бокстағы әлеуетінен бейхабар. Міне, сол себепті Асхат Уәлиханов пен Мейірім Нұрсұлтановтың АҚШ-қа бару туралы ойларын қолдадым. Жаныма шақырып азды-көпті көмектестім. Қазір екеуінің де аяқ алысы жақсы. Асқат үш, Мейірім екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

– Дейтұрғанмен жастар арасында кәсіпқой боксқа ауысу үрдісі қарқынды жүріп жатыр. Бұл әуесқой бокстың көркі қашқанын аңғарта ма, қалай ойлайсыз?

– Бұл сұраққа қатысты ештеңе айта алмаймын. Әркімнің себебі әртүрлі. Кәсіпқой боксқа бұрыннан қызығатынбыз, тек қаржы мәселесіне байланысты жоспарды кейінге қалдырып жүре бердік. Қазір ақпарат көп, ауысу мүмкіндігі жоғарылады

– Жаттығуға қанша уақыт бөлесіз?

– Таңертең екі жарым сағаттай уақыт кетеді. Бұл жаттығулар терлеп, салмақ түсіруге бағытталған, ауыр емес. Түстен кейін спарингтер жасап, бапкерлердің ақыл-кеңестерін тыңдаймыз. Әркімнің жаттығу тәртібі әрқалай. Жексенбі – демалыс. Сол күні отбасымның жанында боламын.

– Балаларыңызды мектепке беретін күн де алыс емес шығар, бұл мәселені қалай шешпексіздер?

– Ұлым қыркүйекте 5 жасқа толады. Америкада балаларды мектепке 5 жастан бастап қабылдай береді екен. Дайындық сыныбына беретін болып шештік. Ағылшын тілін біраз меңгеріп қалды. Мен де ұлыммен бірге баратын сияқтымын (күліп). Келіншегім университетте Аударма ісі мамандығы бойынша білім алған. Оның көмегі тиіп жатыр. Әзірге оқытушымыз – үйдегі жұбайым. Ал қызым әлі кішкентай, енді ғана сөйлеп жүр. Еш қиындық жоқ. Балалар қазақ тілін ұмытып қалмасын деп үйде қазақша сөйлейміз. Осы жолы туыстардан алшақтап қалмасын, бауыр бассын, тамырын ұмытпасын деп елге алып келдім.
Бір жақсысы, онда мектептер тегін. Мектепке дейінгі мекемелер бар, бірақ ақылы болғандықтан екеуін де үйде дайындап жатырмыз.



– АҚШ-қа білім алу немесе жұмыс істеп, өмір сүру үшін баратын қазақтар көбейді. Кездесіп, араласып тұрасыздар ма?

– Мұхиттың ар жағында жүргендіктен бе, қай қазақ болсын туған бауырың секілді көрінеді. Фейсбукте арнайы топ бар. Сол арқылы бір-бірімізбен танысып, қонаққа шақырып, елге деген сағынышты басып тұрамыз. Мейрам сайын кездесеміз. Арамызда бойдақтар бар, негізінен жүздесулерді солар ұйымдастырып жүреді. Ауызбірліктің барына қуанамын.

– Материалдық тұрғыда өмір сүру қаншалықты қиын екен?

– Қымбат ел ғой. Карьерама пайдалы болғандықтан шығынға қарамастан сол жақта тұрып дайындық жасауды жөн көрдік. Әуесқой бокста әлем, Олимпиада жеңімпазы болу туралы арманыма қол жеткізе алған жоқпын. Сол межеге кәсіпқой бокста жетсем деймін. Бұйыртып, әлем чемпионы атанған соң, елге қайтамыз.

– Алғашқы менеджеріңіз Эгис Клима сізді "Қазақстаннан шыққан келесі сенсация болады" деп бағалапты. Сол межеге жету үшін не қажет?

– Интернет желісінде кейде асырып жазып жатады. Бұл да бір өз шәкіртін танытудың жолы болған шығар деп ойлаймын. Арман қуып барған соң сенсация жасамасақ та, Қазақстанның атын таныта түсу, өзгелерге мойындату үшін аянып қалмасым анық.



– "Кәсіпқой бокс – бизнес". Сондықтан боксшы өзін "сата» білуі керек" деген түсінік бар. Ал біздің қарапайым жігіттеріміздің қолынан бұл келе ме?

– Боксшылар мен менеджерлер жарнамасын асыру үшін бірінен-бірі өтетін сөздер айтып жатады. Кейде бізге де мамандар "мақтаныңдар, сөйлеңдер, көпшілікті өздеріңе тартыңдар" деп кеңес айтады. Ал бұл біздің тәрбиеге, түсінікке жат екендігін жеткіземін. Егер чемпион болып жатсақ, халық өзі де таниды ғой.

– Дамыған мемлекеттерде біраз өмір сүріп келгендер біздің елдегі кемшіліктерге қарап құлазитынын жиі естиміз. Сіз қандай кемшін тұстар байқайсыз?

– Әртүрлі менталитет, бөлек тәрбие, басқа орта. Сондықтан көзқарастардың сәйкес келмеуі заңдылық деп ойлаймын. АҚШ-қа отбасымды шақырғанда қалай болады екен деген қорқыныштың болғаны рас. Бекер уайымдаған екенбіз. Көрші-қолаң да, мектептегілер де, тіпті, клиникалардың өзі бірден тіркеуге қойып, ақыл-кеңестерін беруден қашпайды. Қазір келіншегімнің үшінші баламызға аяғы ауыр. Тұрақты түрде тексеріліп тұрады. Ұлтың, елің басқа деп бөлген емес. Ал бізде аздап жабайылық бар. Одан қалды бір-бірімізге құрметпен қарауды үйренсек дейсің. Бәлкім, бұған білімнің жеткілікті болмауы да әсер ететін шығар. Көзі ашық, көкірегі ояу адамның өзгенің жеке басын, құқығын сыйлайтыны анық.



– Соған қарамастан мәдениеті дамыған Еуропаның өзінде расизмді жақтаушылар бар. Барлығының бірдей мұсылмандарға деген көзқарасы да оң деп айтуға келмейді...

– Бізде "шетелдіктер мұсылмандарды жек көреді, қорқады" деген түсінік қалыптасқан. Бірақ ол қате пікір. Жұма сайын мешітке барамыз, намызымызды оқып, құранымызды бағыштап жүргенімізге қарап бір адам бізге сын айтып, кемсіткен емес. Әрине, бес саусақтың бірдей болмайтыны секілді көзқарастар да әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ АҚШ-та дін, тіл не ұлтқа қарап бөлуді байқаған жоқпын. 

– Жанкүйерлеріңіз бар ма?

– Жергілікті тұрғындар аздап танып қалды. "Қазақстан" дегенде, Асқат, Мейірім үшеумізді айтады. Осыған дейін НВО-да жекпе-жек өткізген украиналықтар Ломоченко, Гвоздик, Усиктердің танымалдылығы жақсы болса, қазір бізді "келесі жұлдыздар", "қазақтың үш батыры" деп жатады.

– "Қазақтың батыры" келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

– Визақұжаттарының уақтылы аяқталмай қалғанына байланысты мамырдың 4-іне кетемін деген жоспар орындалмады. Негізі бапкерлер Уорд пен Ковалев айқасының ардеркартында шығатынымды айтқан. Меніңше, 8 не 10 раундтық жекпе-жек болады. Қарсыласым да белгісіз. Сондықтан алдағы кездесуге қатысты өзгерістер болуы мүмкін.
– Рақмет! Ақ жол тілейміз!
Сұхбаттасқан – Мәдина АСЫЛБЕК
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама