auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам мен Геннадий Головкин Астанада бір күнде жұдырықтасуы мүмкін

Қанат Ислам мен Геннадий Головкин Астанада бір күнде жұдырықтасуы мүмкін
©Vesti.kz
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Асисспен 17 ақпанға белгіленген жекпе-жектен кейін Астанада өтетін бокс кешіне дайындықты бастай алады. Спортшының өкілі Берік Сұлтан Vesti.kz басылымына берген сұхбатында боксшының алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

"Мәдениет және спорт министрі 29 қазанда өткен жекпе-жектен кейін Қанат Исламды қабылдап, оған Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Сол кездесуде EXPO халықарылық көрмесін өткізу барысында үлкен бокс кешін ұйымдастырып, сонда Қанат Исламды шақыру туралы ой туындаған болатын", - деді Берік Сұлтан.

Сондай-ақ, Қанат Исламның өкілі қазақстандық боксшының EXPO қарсаңында өткізілетін бокс кешіне қатысуға дайын екенін айтты. "Кештің нақты қай айда өтетіні белгісіз. Бокс кеші жаздың соңында өтетін болса, Қанат мамыр айында АҚШ-та тағы бір жекпе-жек өткізіп, Астанадағы бокс кешіне дайындықты бастауға дайын. Егер одан ерте өтетін болса, Қанат Ислам Ассиспен жұдырықтасқан соң, дайындықты бастай береді. Бокс кешіне бір күнде Геннадий, Бейбіт, Жанат пен Қанат сияқты боксшылар қатысса, бұл кеш қатысушылар құрамы жағынан мықты болмақ", - деді боксшысының өкілі.

Айта кетейік, кеше Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО)  жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті деген мәлімет шыққан болатын. Егер, бұл сөздердің барлығы расталып жатса, қос батырымыз Астанада бір күнде жұдырықтасуы мүмкін. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама