Промоутер
Оскар Де Ла Хойя 2017 жылы бокстың жоғары позицияларға қайта оралатынын мәлімдеді. Бұған дәлел ретінде
Golden Boy компаниясының иесі екі жекпе-жекті мысалға келтірді. Олардың бірі - ауыр салмақта жұдырықтасатын украиналық
Владимир Кличко мен ұлыбританиялық
Энтони Джошуаның жекпе-жегі болса, екіншісі - мексикалықтар
Сауль "Канело" Альварес пен
Хулио Сезар Чавестің кездесуі, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Сонымен қатар, "Канелоның" мүддесін қорғайтын Де Ла Хойя оның қазақстандық
Геннадий Головкинмен қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты. Промоутердің айтуынша, Головкиннің маусымдағы жекпе-жектен бас тартуы қыркүйектегі жекпе-жекке алғышарт болып отыр.
"Иә, бұл шын мәнінде пайдасыз емес, қарап көреміз. 2017 жыл бокстағы үздік жыл болуы мүмкін.
"Канело" - Чавес және
Кличко - Джошуа жекпе-жектері нақты болады, ал бұған қоса "Канело" мен GGG қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін", - деді Де Ла Хойя BoxingScene басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, осыған дейін Головкиннің мүддесін қорғайтын промоутер
Том Леффлер қазақстандық боксшының рингке қыркүйекте
Альварес - Чавес жеңімпазымен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген.
Жарнама