Boxing Exposure порталы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) медальдары мен наградалар коллекциясын көрсетті, деп хабарлайды
Vesti.kz.
"Орта салмақтың патшасы Геннадий Головкиннің медальдар жиынтығы (The medal collection of Middleweight King Gennady Golovkin)", - деп жазылған суреттің сипаттамасында.
Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 37 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті, оның 33-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы орта салмақтағы ең үздік нокаутшы атанған.
Әуесқой бокста Головкин 350 жекпе-жек өткізген. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 2003 жылы әлем чемпионатында финалист атанды, ал 2004 жылы өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдені жеңіп алды.
Жарнама