auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Уалиханов жақын арада Пакьяо мен Ломаченконың промоутерімен келісімшарт жасайды

Уалиханов жақын арада Пакьяо мен Ломаченконың промоутерімен келісімшарт жасайды
"Астана Арландары" сапында өнер көрсеткен 26 жастағы кәсіпқой боксшы Асхат Уалиханов Қазақстанға келді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшы АҚШ-тағы өмірі мен чемпиондық атаққа таласу жоспары жайында айтып берді.

- Мен Қазақстанға еңбек визасы үшін келдім. Онсыз АҚШ-та жекпе-жек өткізе алмаймын. Визаны ала салысымен Америкаға қайта кетемін. Келесі аптада деп ойлап отырмын.

- Жаттығу базасынан еркін кете алсаңыз, демек, жоспарда нақты жекпе-жоқ жоқ болғаны ғой?

- Солай десе де болады. Жуырда бір жекпе-жек өту керек. Шамамен ақпан-наурыз айларында. Нақты уақыты мен қарсыластың кім болатыны белгісіз. Мен рейтингтік жекпе-жектер өткізіп жатырмын. Қарсыластың атын көбіне жұдырықтасуға бір апта қалғанда естимін. Рейтингке ұпай жинап, ақырындап ілгерілеп жатырмын.

- Сіздің жекпе-жектеріңізді кім ұйымдастарады? Қазір промоутеріңіз бар ба? Болса кім екенін айта кетсеңіз ...

- Қазіргі кезде менеджерім Эгис Климас. Бірақ АҚШ-қа бара салысымен Top Rank компанисымен келісімшартқа отыратын шығармын. 

- Мақсатыңыз чемпиондық атаққа таласу шығар ...

- Иә, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мен ол жаққа чемпион белбеуі үшін ғана бардым және керек адамдарды таптым. 

- Ал АҚШ-тағы өміріңіз қалай? Үйреністіңіз бе?

- Менеджер Мейірім Нұрсұлтанов екеумізге үй жалдап отыр. Ақша бөледі азық-түлік аламыз, тамақ әзірлейміз. Қиындықтар жоқ.

- Тіл жағынан кедергілер бар шығар? Осы тұрғыда бейімделе алдыңыз ба?

- Иә, тіл жағы қиындау. Бірақ бұл уақытша. Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын, жергілікті адамдар, боксшылармен араласып тұрамын. Қазір жеңілдеу.

- Сіз ол жаққа кеткенде Лос-Анджелес маңына қоныстанған едіңіз. Әлі де сондасыз ба?

- Иә. Кішігірім қалада тұрамын. Сол жерде жаттығамын.

- Роберт Гарсияның залында ма?

- Дәл солай. Сонда қалдым. Маған ол жер ұнайды, өзімді ыңғайлы сезінемін. Сондықтан бір залдан екіншісіне ауыса берудің керекгі жоқ.

- Үйіңізді сағынасыз ба? Бұл жаққа келіп тұруға мүмкіндік бар ма?

- Шынын айтсам, АҚШ-қа кеткелі беру енді келдім. Онда да визалық мәселе бойынша. Жазда немесе күзде келетін ойым бар. Екі-үш жекпе-жек өткізген соң келем.

- Ал менеджермен келісіміңіз қандай?

- Жылына бес-алты жекпе-жек өткізу керекпін. Мен менеджермен осылай келістім. Мұнша жекпе-жек дайындық пен қалыпқа келуге бөгет болмайды. Жекпе-жектер рейтингке, алты раундтан. Арасында тынығып, ес жинауым жеңіл. Сондықтан осындайға шыдай аламын. Оның үстіне чемпион боламын деген мқсатым дем береді. Сол үшін де шыдап, еңбектеніп жатырмын.

- Чемпиондық атаққа қашан талсасыз?

- Бұл туралы айту әлі ерте. Шамамен 10 жекпе-жектен кейін болар. Сол уақытқа дейін неге дайынмын және неге үміттене алатыным белгілі болады. Сондықтан басын дұрыс бастап, биік жетістіктерге жету керек.

- Әңгімеңізге рахмет. Табыстар тілейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама