Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Головкиннің бапкері туралы сіз білмейтін он дерек

Абель Санчес жеті жылдан бері Геннадий Головкинмен жұмыс істеп келеді.


Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы өзінің ВКонтакте парақшасында GGG-дің бапкері Абель Санчес туралы он деректі дайындапты. Еске салайық, Санчес орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннайдий Головкинді 2010 жылдан бері жаттықтырып келеді. 

Назарларыңызға Абель Санчес туралы сіз білмейтін он деректі ұсынамыз: 

1. Сансеч Мексиканың Тихуана қаласында дүниеге келген. Ол сегіз балалы отбасының ең үлкен ұлы. 

2. 17 жасында ол АҚШ-та өзінің құрылыс фирмасын ашқан. 

3. Өз компаниясындаңы ең ірпі келесімшартын ол 1982 жылы жасаған. Стивен Спилберг оның компаниясыны "Жат елдік" ("Инопланетянин") фильмін түсіру үшін үлкен үй салдырған. 

4. Санчес таеквонда, кикбокс (15 жекпе-жек өткізіп, мүлде жеңілмеген) және бокспен (3-3-0) шұғылданған. 

5. 1987 жылы Абель Санчес мексикалық Лупе Аквиноны бірінші орта салмақтағы WBС тұжырымының чемпиондық белбеуін жеңіп алуға көмектескен. Аквино оның чемпион атанған бірінші шәкірті. 

6. Санчестің бірінші әйелінен үш баласы бар. Екі ұлы бір қыз. 

7. 2000 жылдың басында өзінің Big Bear жаттығу лагерін соғып алған. 

8. Бапкерліктің қамытын киіп жүрген 30 жылдың ішінде әр түрлі салмақта 20 әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған. 

9. Yahoo Sports және Sports Illustrated порталдарының нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанған. 

10. 2010 жылдан бастап WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған Геннадий Головкинді жаттықтыра бастады. 

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі кездесуі оның карьерасындағы ең маңызды әрі ең табысты кездесуі болып ықтимал. Қазіргі уақытта оның қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес болады деген әңгіме бар. Кеше "Канелоны" промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкин мен Альварес жекпе-жегінің жарнамасын жасау үшін 7 мамырды асыға күтіп отырғанан айтқан еді. Өйткені, 6 мамыр күні Альварес отандасы кіші Чавеске қарсы кездесу өткізеді. 

Ал Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин болса бұл кездесуді Головкиннің сыйақысы 100 миллион болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан да ол Сондерсен жазға жоспарланған жекпе-жегінен бас тартыпты. 





  Пікір: 0
  0