auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін Альварес пен Чавестің андеркартында өткізеді

 Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін Альварес пен Чавестің андеркартында өткізеді
BNews.kz
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Жерлесіміз 29 сәуірде Рамон Альварес пен Омар Чавестің андеркартында айқасады. Бұл туралы "Diamondring" кәсіпқой спорттық ұйымының ресми сайты хабарлады. 

Ғаламат бокс кеші Мексиканың солтүстігінде орналасқан Чиуауа штатының Росарито қаласында өтеді. Бекман Сойлыбаевтан бөлек, бұл кеште жартылай орта салмақта америкалық Брэндон Риос та жұдырықтасады деп күтілуде. Әзірге жерлесіміздің кімге қарсы шаршы алаңға шығатыны анықталған жоқ. Менеджерлер оған лайықты, әрі тәжірибелі қарсылас қарастыруда.

Айта кетейік, орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Рамон (24-5-2, 16 KO) мен Омар (35-3-1, 23 KO) – 6 мамырда Лас-Вегаста өзара кездесетін "Канело" мен Хулио Сезардың туған ағалары. 2014 жылы Рамон Альварес пен Омар Чавес бір-бірімен Мексикада кездескен. Ол кездегі айқас Альварестің жеңісімен аяқталған.

Естеріңізге сала кетейік, WBC EPBC және WBA NABA чемпиондық белбеулерінің иегері Бекман Сойлыбаев бүгінде әйгілі жаттықтырушы Эрик Браунның қарамағында Лос-Анджелесте жаттығып жүр. Кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама