auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Былтыр да айтқанмын, қайталап айтам: "Канело" мен Головкин қыркүйекте жұдырықтасады - Шеридан

Былтыр да айтқанмын, қайталап айтам: "Канело" мен Головкин қыркүйекте жұдырықтасады - Шеридан
© Vesti.kz
HBO, ESPN, FOX және Showtime арналарында жұмыс істейтін америкалық коментатор және сарапшы Боб Шеридан Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында неге Геннадий Головкин үшін Билли Джо Сондерске қарағанда Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасқан тиімді екенін айтып берді.

"Бір жыл бұрын айтқанмын, қайталап айтайын: көпшілік күткен "Канело" мен GGG жекпе-жегі биыл қыркүйекте АҚШ-та өтеді. Альвареспен жекпе-жек біраздан бері айтылып келеді, биыл оны өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Головкиннің Сондерспен де, "Канеломен" де жекпе-жек өткізуге мүмкіндігі бар ма? Меніңше, Головкин екі жақпан келісім жүргізе бермей, бір ғана маңызды жекпе-жекке бар назарын салған сияқты. Әрине, Сондерстегі белбеу GGG-ге керек, алайда, Альвареспен жекпе-жек тартымды және Головкин үшін қаржылай тиімдірек болады. Бұл жекпе-жек орта салмақта кімнің мықты екенін шешеді және GGG үшін жаңа мүмкіндіктер береді", - дейді Шеридан.

Айта кетейік, 72 жастағы Шеридан бокс пен ММА жекпе-жектерін жүргізеді. Ол мыңдаған жекпе-жектерге, соның ішінде, Мұхамед Әли мен Джордж Формен арасындағы жекпе-жекті жүргізген. Сонымен қатар, Эвандер Холифилд және Майк Тайсон жекпе-жегіне де комментатор болған. 2004 жылы Шеридан Бокстың бүкіләлемдік даңқ залына аты жазылған.

Айт кетейік, Шеридан былтыр Алматыға келіп, Қанат Исламның бокс кешіне қатысқан. Жекпе-жектен кейін Альварес пен Головкин кездесуі туралы пікірін білдірген.

Америкалық журналис Крис Мэнкинстің айтуына қарағанда, Головкин қыркүйекте "Канеломен" жұдырықтасу үшін, Сондерспен жұдырықтасудан бас тартқан.

Ал "Канелоның" өзі 6 мамырда Лас-Вегаста отандасы Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өткізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама