Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Сондерспен кездесуден бас тартқан Головкин бұл шешімі үшін санын соғып қалмай ма?

Америкалық тілші "Канело" Головкиннің орнына Лемьемен кездесуі мүмкін екенін айтады.


©boxingnews24.com
©boxingnews24.com
Boxingnews24.com порталының тілшісі Дэн Эмброуз өзінің блогында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинің (37-0, 33 КО) осы салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуден бас тартқаны үшін кейін өкініп қалуы мүмкін деп жазады. 

"Кәсіпқой бокстан көп нәрсені күтуге болады. "Канелоны" промоутері Оскар Де Ла Хойя қыркүйекте Головкин-Альварес жекпе-жегінің орнына Сондерс-Альварес кездесуін ұйымдастырып жіберуі де мүмкін. Тіпті басқа бір боксшымен де келісімшарт жасауы ықтимал. Егер дәл осылай болатын болса, көптеген жанкүйерлер қазақстан боксшы мен оның промоутері Том Леффлерді маусымға жоспарланған Сондерспен өтуі мүмкін деген жекпе-жектен бас тартқаны үшін сынға алатын болады. Ол кезде Головкиннің IBF ұйымының чемпиондық белбеуіне бірінші үміткер  Туреано Джонсонмен кездесуге міндетті болады. Бұл жекпе-жек Головкин үшін қиын болатыны анық. 

Бұрнағы күні Де Ла Хойя мен Альварес кіші Хулио Сезар Чавеспен өтетін кездесуден кейін Головкинмен кездескісі келетінін айтып жүр. Бірақ көптеген бокс мамандары оған сеніп жатқан жоқ. "Канелоның" Головкиннен басқа боксшылармен шығуы мүмкін. Мысалы, Давид Лемье, Мигель Котто секілді. Осындай мүмкіндікке ие бола отырып, олар Головкинмен жекпе-жекке шығуы екіталай. 

Сауль Головкинмен жақсы ақша жинап алғаннан кейін ғана кездесуге келісім беретін шығар. Сондықтан да Головкин мен Леффлер Сондерспен өтетін жекпе-жектен бас тартқаны үшін алдағы уақытта сандарын соғып қалуы әбден мүмкін. Өйткені, "Канелоның" бұған дейінгі істеген істеріне қарап, мұндай қорытындыны алдын ала болжауға болатын еді", - деп жазды Эмброуз. 

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарлан еді. Бірақ өткен аптада Головкиннің командасы қыркүйекте "Канеломен" кездесу үшін маусымдағы Сондерспен өтетін жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды. 

Ал Головкин - "Канело" жекпе-жегі қыркүйекте өтуі мүмкін. Қазіргі уақытта екі боксшының командасы келіссөздер жүргізіп жатыр. 








  Пікір: 0
  0