auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жанат Жақиянов келесі жекпе-жегін жаздың соңында өткізеді

Жанат Жақиянов келесі жекпе-жегін жаздың соңында өткізеді
Жанат Жақиянов. © Hattonboxing.com
Аса жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында келесі қарсыласы қашан белгілі болатынын айтып берді.

Қазақстандық боксшының айтуынша, осы мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. "Мүмкіндік болса Астанада өтетін халықаралық ЕХРО көрмесі кезінде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бірнеше қарсыластар бар, оның ішінде Шинсуке Яманака есімді жапониялық боксшымен жекпе-жек ұйымдастыруды көзделгейміз", - деді Жақиянов.

Сайт тілшісінің "Сіздің салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы чемпион Пол Батлер сізбен шаршы алаңға шығып, жеңіспен үйіне қайтатыны туралы айтқанда, Жақиянов былай деп жауап берді: "Мен ол туралы естігенмін. Олардың тарапынан бізге ұсыныс түсті, бірақ біз оны қарастырып үлгермедік. Қарсылас таңдау мәселесімен менің командам айналысып жатыр. Оның айтқаны туралы тоқталар болсам, қазір көптеген адамдар сөз айтқанда орақ оратын болған, ал іске келгенде мүлдем басқа әрекеттер істейді.Мен оған ештеңе деп жауап қайтара алмаймын, себебі бізде олай сөйлемейді. Барлығы шаршы алаңда шешіледі. Кім мықты, сол жеңіске жетеді".

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы өз отбасымен үйінде екен. Өз қалпын сақтап, белсенді демалыс өткізіп жатқанын айтады.

"Жаттығу шараларын жекпе-жекке 10 апта қалғанда бастаймын. Кіммен және қашан шығатыным жайлы алдағы біржарым - екі айда белгілі болады. Егер EXPO көрмесі кезінде шыға алмасамжаздың соңында немесе қыркүйектің басында міндетті түрде жекпе-жекке шығамын", - деді Жақиянов.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама