auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Сондерс жекпе-жегі Лондонда өткені дұрыс - промоутер

Головкин мен Сондерс жекпе-жегі Лондонда өткені дұрыс - промоутер
©HBO
Қазақстандық промоутер Әлихан Жарылғапов Vesti.kz порталының тілшісіне орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге не үшін Қазақстанда жекпе-жек өткізгені дұрыс екенін айтып берді. 

- Қазір ерінбегеннің барлығы Головкин туралы айтып жүр. Бірақ көбісі Головкиннің жекпе-жегін Қазастанда өткізу тиімсіз екенін айтады, - дейді Жарылғапов. 

- Ал сіздің ойыңызша Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу тиімсіз бе?

- Әрине, Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу қарқы жағынан көп шығынға ұшыраймыз. Дегенмен бұл бағаны түсіруге де болады. Себебі Головкиннің өзі Қазақстанда жекпе-жек өткізуі керек. Қазір бұл жекпе-жекті біздің елде өткізуге байланысты факторлар көбейіп кетті. Оның бірі - "Канело". Бұл жағдайды Сондерс пайдаланып, өзінің жарнамасын жасап жатыр. 

- Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру боксшы үшін қаншалықты табысты болар еді?

- Тағы қайталаймын, бұл жекпе-жекті Қазақстанда өткізу үшін қыруар ақша керек. Бұл біздің елімізге бірінші кезекте жарнама үшін керек. Бұрнағы күні жекпе-жек EXPO-2017 кезінде өтуі мүмкін деген әңгіме айтылып жүр. Егер шын кірісетін болса, Головкиннің қатысуымен Қазақстанда PPV жекпе-жегін өткізуге болады. Осындан 3-4 жыл бұрын Мэнни Пакьяо Макаода жекпе-жек өткізген еді. Ол кезде ұйымдастырушылар америкалықтар еді. Сол себепті жекпе-жекті таңертеңге қойды. Өйткені, АҚШ-та кешке туралады кездесуді. Біздің елде де осындай-осындай қиын мәселелер бар. Сондықтан да Головкин - Сондерс жекпе-жегін Лондонда өткізгені дұрыс. Оның үстіне Сондерс британдық боксшы. Жанкүйерлерді жақсы жинай алады. 

- Егер Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізуден бас тартса, отандасымызға басқа кімдермен жекпе-жек өткізгені дұрыс болар еді?

- Головкиннің кез-келген боксшымен жекпе-жек өткізуіне болады. Өйткені ол қазір сұранысқа ие боксшылардың бірі. Оның үстіне Қазақстанда өткізсе, еліміз үшін жақсы PR болады. Дейтұрғанымен Сондерске қарсы жұдырықтасқаны дұрыс болар еді. Бұл қазақ жанкүйерлері үшін де үлкен сый. Келіссөздер сәтті аяқталады деп үміттенемін. 

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама