auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиндердің шаршы алаңдағы серті

Головкиндердің шаршы алаңдағы серті
Геннадий GGG Головкин
Бүгін орта салмақта WBA (Super), WBС, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин мен оның егізі Максим Головкин 35 жасқа толды. Дүние есігін бір күнде ашып, бокс мектебінің табалдырығын бірге аттаған егіздердің үлкен ринг төрін бағындырмай тұрып-ақ сөз байласқан уағдалары болған. Бәлкім, шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмас кіл мықтыны бірі жекпе-жекте, бірі ринг сыртында тұрып мысын басуды ертерек сезсе керек-ті.

Егіз Головкиндер 1982 жылдың 8-сәуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әкесі кәсібі бойынша кенші болса, анасы химиялық лабораторияда көмекшілік қызметте болған. "Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын" деген Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 6 мамырда өткізген. Содан бері шаршы алаңға 32 рет шығып бәрінде де жеңіске жетті. Оның 29-ын нокаутпен аяқтады. Ал Геннадий Головкиннің егіз ағасы (ертерек дүниеге келген) Максим де бокстан құр алақан емес.

Максим Головкин де бокспен шұғылданған. Егіздер бір салмақта өнер көрсеткен. Бірақ, олар өз уәделері бойынша ешқашан шаршы алаңда бір-бірімен жұдырықтаспаған. Егер жарыста жолдары түйісіп жатса, бірі шаршы алаңға шығудан бас тартып отырған. Мұны 2004 жылғы Афины Олимпиадасына іріктеу кезеңінен-ақ байқауға болады. Максим Головкин іріктеуге қатысудан бас тартып, спорттан аз уақытқа қол үзген еді. Бүгінде Максим GGG командасындағы егізінің басты ақылшысы, арқасүйері, әрі тактикалық тұрғыдан дайындайтын бапкері де. Оның жан дүниесін түсініп, көзқарасынан-ақ байқайтын жанашыры. Сонымен қатар Максим Головкин бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы.

Головкиндерді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс тілейміз. Жеңісті жекпе-жектеріңмен қазақ елін қуанта бер деп тілек білдіреміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама