auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Абылайхан Хұсайнов Канадада өткізген жекпе-жегі туралы айтып берді

Абылайхан Хұсайнов Канадада өткізген жекпе-жегі туралы айтып берді
©Eye of The Tiger Management
25 жастағы кәсіпқой боксшы Абылайхан Хұсайынов Vesti.kz порталының тілшісіне соңғы кездесуі туралы айтып берді. 

- Абылайхан, алдымен жеңісіңізбен құттықтаймыз! Максикалық қарсылас анау айтқандай мықты емес секілді көрінді бізге ...

- Рақмет! Мексикалық боксшыны осал дей алмаймын. Өйткені, ол кәсіпқой бокста бірнеше кездесу өткізіп үлгерген. Менің дайындығым мықты болды. Бірінші раунда қарсыласымның осал тұстарын көріп алдым. Екінші раунда бүйірінен соққы жасадым. Соққы жақсы өтті ...

- Қытай жерінде кәсіпқой бокстағы карьераңызды бастағаныңызда, Канадаға келіп, мұншалықты жақсы көрсеткішке қол жеткіземін деп ойладыңыз ба? 

- Әр спортшының мақсаты - жеңіске жету ғой. Шынымды айтсам, мен Канадада мұншалықты табысты өнер көрсетемін деп ойламадым. Бірақ бәрі осылай болып жатқанына қуаныштымын. 

- Шаршы алаңға киіп шығатын спорттық киіміңізді өзгертіпсіз. Қазір сары мен қара түстер үйлескен киіммен шығып жүрсіз ...

- Иә, бұл менің жаңа спорттық киімім. Маған сары және қара түс ұнайды. 

- Келесі жекпе-жегіңіз туралы айтып берсеңіз ...

- Қазірше білмейміз. Бұл жекпе-жектен кейін біраз демалып аламыз. Сонсоң менеджер мен промоутерлермен келесі жекпе-жек туралы сөйлесетін боламыз. 



- Командаласыңыз, досыңыз Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы бірінші белбеуін жеңіп алды. Сіз чемпиондық атаққа қашан таласасыз?

- Жуық арада. Ол туралы алдағы уақытта айтамыз. 

Еске салайық, 25 жастағы Абылайхан Хұсайнов Канаданың Монреаль қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, мексикалық қарсыласы Кристиан Арразоланы екінші раундта нокаутпен ұтты. 










Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама