Қазақстандық кәсіпқой боксшы
Руслан Мәдиев спорттық мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз Қазақстан уақытымен бүгін таңда өткізген жекпе-жегінде америкалық боксшы Эвинц Диксонды ұтты.
"Геннадий GGG Головкин" парақшасының хабарлауы бойынша Руслан қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты. Төреші Эвинц Диксонның қауқарсыздығынан кейін жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған.
23 жастағы қазақстандық боксшы осыған дейінгі барлық жекпе-жегінде жеңіске жетіп келеді.
Жарнама