auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Экс-чемпион Головкиннің соққылары Джейкобспен жұдырықтасу кезінде тым әлсіз болғанын айтты

Экс-чемпион Головкиннің соққылары Джейкобспен жұдырықтасу кезінде тым әлсіз болғанын айтты
© K2 Promotions
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Келли Павлик WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-2, 29 КО) жұдырықтасу мүлдем әсер қалдырмағанын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Павлик сол кездесуде Головкин соққыларының жылдамдығын жоғалтып алғанын, әсіресе соңғы соққылары тым әлсіз болғанын айтты. Оның айтуынша, тура осындай жағдай 2015 жылы қазанда GGG канадалық боксшы Давид Лемьемен шыққанда болған.

"Көптеген адамдар мен секілді ойлайды, Головкин жеңіске әрең жетті. Мен оның екі жыл бұрын Лемьемен кездескен сәтіндегі жұдырықтасуы, яғни соққыларында жылдамдық жоғы және өзіне сенімсіз жүргені туралы айтып отырмын. Мен оның неліктен болғанын білмеймін, бәлкім физикалық кондицияға байланысты. Соңғы раундтарда ол мүлдем әлсіз болып көрінді", - деді Павлик Fighthype.com порталына берген сұхбатында.

Головкиннің жұдырықтасуы өзгергені туралы бокс әлемінде әйгілі бапкер Фредди Роучта айтқан болатын. Оның ойынша Головкин қартайып жатқандықтан, күші сарқылып барады. Бұл оймен украиналық ауыр салмақта өнер көрсететін Александр Гвоздикте (12-0, 10 КО) келісті.

Тағы бір америкалық бапкер Роберт Гарсия Головкиннің бұрынғы қалпын жоғалтқаны және оның себебі жасы екенін алға тартты. Сауль "Канело" Альварестің бұрынғы промоутері Ричард Шефер Головкин соңғы екі кездесуде жақсы өнер көрсетпегенін айтты.

Соған қарамастан, әлемнің бұрынғы чемпионы Алина Шатерникова Головкиннің неліктен күші сарпылғанына жауап берді, ал шетелдің БАҚ қазақстандық боксшыны қолдады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама