auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бекзада Бекзат бүгін 37 жасқа толар еді ...

Бекзада Бекзат бүгін 37 жасқа толар еді ...
2000 жылдың желтоқсанында Шымкент-Түркістан жолында болған көлік апатынан кейін, қазақ елі қаралы хабар естіді. Арамыздан небәрі 20-жасында Олимп шыңын бағындырған Бекзат Саттарханов сол апатта бақилық болды...

Ұланымыздың ғұмыры ұзақ болғанда талай биікті бағындырар ма еді?  Мүмкін тағдыр шығар?! Егер, Бекзат тірі болғанда бүгін 37 жасқа келер еді.

Бүгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөнген Бекзаттың ерлігі мен жеткен жетістіктерін  қазақ жанкүйерлері түгілі күллі әлем біледі деп айтсақ қателеспейміз.  Олимпиада ойындарының жеңімпазы бұл фәниден өтсе де, оның есімі, оның рухы өлген жоқ.

Қазақтың маңдайына сыймай кеткен дүлдүлдің өмірден өткеніне де 17 жылдың жүзі болыпты. Алайда Алаш елін әлемге паш еткен спортшы Бекзатты жұрт есінен шығарған емес. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткен екен.



Бала кезінде өте нәзік, аурушаң  болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады.

1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.



Бекзаттың бойында бала күнінен бері байқалатын бір ерекше қасиет болған. Ол өзін жеңген боксшыдан міндетті түрде есе қайтаруды мақсат тұтады екен.  Бекзат заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды.



Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман. Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі додаға аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті қанжығасына байлайды. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, "сайыстың үздік боксшысы" деген атақты еншілейді.

Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!», - деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген деседі. Мұнан кейін де Бекзат анасына: «Мен әлі үш дүркін Олимпиада чемпионы боламын», - деп айтады екен. Сиднейдегі жеңісінен кейін, оған Елбасы І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды. Жаны жайсаң, жарқын жүзді азамат 2000 жылдан әрі аса алмады. Жаңа жылдың басталуына санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан қаласы маңында автокөлік апатынан қаза болды.



Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.  2010 жылы, яғни спортшының 30 жас мерейтойы қарсаңында туған қаласы Түркістанда Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш қойылды. 2005 жылы Қазақстанда боксшыға арналған пошталық марка шығарылды. Бекзат туралы 3 тілде кітап, фотоальбом жарық көрген.  2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсірсе, 2012 жылы режиссер Ермек Шахмет "Бекзат" атты көркемфильм түсіру жұмыстарын қолға алды.  Биографиялық кинофильмде басты рөлді актер Асылхан Төлепов сомдап шықты. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 20 жылдық ғұмырында шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.



Бекзат батыр XX ғасырдың соңғы минуттарында жиырма-ақ жасында қыршынынан қиылды. Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматтың жас балаға тән періште жылы келбеті мен нағыз батырға тән жігерлі, рухты бейнесі мәңгі жадымызда қалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама