Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Головкинген WBO белбеуі қажет болса, мен онымен жұдырықтасуға дайынмын - Сондерс

Британиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 KO) Геннадий Головкинмен (37-0, 33 KO) кездесуге әзер екенін жеткізді.


Билли Джо Сондерс. Сурет Reuters©
Билли Джо Сондерс. Сурет Reuters©
Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен тізе бүктірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Джейкобсқа қарсы жекпе-жектен соң Головкин кез келген боксшымен, соның ішінде Сондерспен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді. Басты себеп - чемпиондық белбеу мен шоу. WBO чемпионы жауапты ұзақ күттірген жоқ.

"Кез келген жерге баруға дайынмын. Жекпе-жектің Қазақстанда өтетініне байланысты уайымым жоқ. Ашық алаңда да жұдырықтасуға дайынмын - маған бәрібір. Егер оған WBO белбеуі қажет болса, мен оны бәске қоюға дайынмын

Расында Головкин мықты, алайда ол мен сияқты боксшымен әлі кездесіп көрген емес. Тіпті мен бабымда болған кезде менің деңгейіме жетпейтін Джейкобстың өзі оған қарсы төтеп бере алды", - деді Сондерс The Sun басылымына берген сұхбатында.

34-жастағы Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27-жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.
  Пікір: 0
  0