Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Нокдаун болмаса, Головкин жеңіліп қалар еді - Фируза Шарипова

Бүгін Геннадий Головкин Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.


Әйелдер арасында кәсіпқой боксқа шыққан тұңғыш қазақстандық боксшы Фируза Шарипова орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Шынымды айтсам, кездесу 12 раундқа дейін созылады деп ойламадым. Алтыншы-жетінші раундтарда аяқталады деп болжам жасаған едім. Бірақ соңғы алты раунд сұмдық өтті. Головкин негізінде бір ұпай айырмасымен жеңді, бірақ нокдаун болмаса тең түсер еді немесе тіпті жеңіліп қалар еді. Бұл жекпе-жек Геннадий Головкиннің мансап жолындағы ең қиын әрі жарқын кездесу болды", - деп пікір білдірді боксшы қыз.

Айтуынша, Джейкобс жұдырықтасудың дұрыс мәнерін таңдағандықтан 12 раундқа дейін шыдас берген.

"Бұрыштағылар оған джебпен жұмыстеуді және Головкинге басымдықты беріп қоймауды бұйырды. Бұл Головкиннің чемпиондығынан сескенбей, дұрыс жұдырықтаса білген қарсылас болды. Головкиннің жеңіске жетіп, жеңіліп көрмеген боксшы атағын қорғай алғанына қуаныштымын", - деді Фируза Шарипова.

Ал осының алдында Қуат "Найман" Хамитов Головкинге бокстан кетуге кеңес берген болатын.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.

  Пікір: 0
  0