Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Геннадий Головкин Дэниел Джейкобсты ұпай айырмасымен ұтты

Отандасымыз чемпиондық атақтарын сәтті қорғап шықты.


Massaget.kz
Massaget.kz
Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек аяқталды. 12 раундтық шайқас қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бірінші раундты қос боксшы барлаумен бастады. Жанкүйерлердің "Triple G" деген қолдауы құлақ тұндырды. Гена бірінші нөмірмен шабуылдауға ұмтылды. Джейкобс жақын қашықтықта жұдырықтасуға сескенумен болды. Бір-бірінің аңдысын күтті.

Қос боксшы да шаршы алаңда сақ қимылдауға тырысты. Әсіресе, америкалық жақын қашықтыққа келгенде Генаны қапсыра құшақтап алумен болды.

Төртінші раундта Геннадий Головкин қарсыласының осал тұсын дәл тауып, бір құлатып алды. Төреші жекпе-жектегі есепті ашты. Осы бір сәттен кейін Джейкобс шабуылға шығуға талпынғанымен, нәтиже шықпады. Есесіне Генаның ширақ шабуылдарына қарсы келумен ғана шектелді.

Алтыншы раундта америкалық боксшы қауқар жинап, шабуылға шығумен болды. Генаға бірнеше соққысын өткізе де білді. Жетінші және сегізінші раундтарға қарай Джейкобстың да шабуылы жиілей түсті. Жылдамдығын дер кезінде пайдалана білумен де ерекшелене бастады.

Тоғызыншы раунд соңына қарай Геннадий қарсыласына соққыларын дәл дарытып, басымдығын танытып шықты. Одан кейінгі раундтарда қос боксшының да шаршағаны байқалды. GGG шабуылда жүріп, Джейкобс қарымта шабуылда сәтті жұдырықтасты.

12 раундтық шайқас қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Роман Гонсалес 12 раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша тай боксшысы Висаксил Вангикке ұтылып, жеңіл салмақтағы "WBC" чемпиондық белбеуінен айырылды. Висаксил Вангик - жаңа чемпион!

Головкин шаршы алаңға шығуға дайындалып жатыр. Ал, сәттілік батыр! Роман Гонсалес пен Висаксил Вангик жекпе-жегі де тартысты өтуде.



Карлос Куадра Давид Кармонаны ұтты. Гена мен Даниэлдың жекпе-жекке шығуына бір ғана кездесу қалды. Дәл қазір Роман Гонсалес пен Висаксил Вангик жұдырықтасады. Екінші аса жеңіл салмақта "WBC" чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Қазақ жанкүйерлері Генаға барынша қолдау білдіруге дайын



Қазақстандық жанкүйерлер отандасымыз Геннадий Головкиннің жекпе-жегін асыға күтіп отырғаны анық. АҚШ-тағы бокс кешінің тікелей транслияциясы "Қазақстан" мен "KazSport" арналарында Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады. GGG сағат 9-дан аса шаршы алаңға көтерілетін болады.

Райан Мартин (17-0, 10 КО) Брайант Крусты (17-1, 8 КО) сегізінші раундта жеңіп шықты. Дәл қазір шаршы алаңда Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО) пен Давид Кармона (20-3-5, 8 КО) жұдырықтасуда. Тікелей эфирде "Қазақстан" мен "KazSport" арналары көрсетуде.



Ирландиялық боксшы Энди Ли америкалық Кеандре Лезервудты төрешілер шешімі бойынша жеңіп шықты. Келесі жекпе-жектер PPV (ақылы түрде) жүйесі бойынша әлемге өз көрсетілімін тарататын болады.

Генаның киім ауыстыратын бөлмесі! Қазақы ою-өрнектегі шапан, Ту мен чемпиондық белбеулер көз жауын алады.



Алға, GGG! Алға, Қазақстан! "Madison Square Garden" спорт кешеніндегі қазақ жанкүйерлері!



Дәл қазір "Madison Square Garden" спорт кешені жанкүйерлерге толуда.



Андеркарттағы екінші жекпе-жекте Мэт Маккини төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қазір шаршы алаңға Энди Ли мен Кеандре Лезервуд шығады.

Андеркартта жекпе-жекке шығатын боксшылар!

2) 05:45-те, Джей Макфарлейн (2-0, 2 КО) — Мэтт Маккинни (3-2-2, 1 КО)
3) 06:15-те, Энди Ли (34-3-1, 24 KO) — Кеандре Лезервуд (19-3-1, 12 КО)

HBO PPV

4) 07:00-де, Райан Мартин (17-0, 10 КО) — Брайант Крус (17-1, 8 КО), жеңіл салмақта WBC америкалық белбеуі сарапқа салынады.
5) 07:50-де, Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО) — Давид Кармона (20-3-5, 8 КО)
6) 08:40-та, Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) — Висаксил Вангик (41-4-1, 38 КО), екінші аса жеңіл салмақта "WBC" чемпиондық белбеуі үшін

Абель Санчестің (GGG бапкері) шәкірті Сергей Богачук (2-0, 2 КО) Ясмани Педросо (1-1, 1 КО) үшінші раундта жеңіп шықты.



Гена мен Джейкобс жекпе-жегінің андеркартындағы боксшылар кездесуі басталды. Жанкүйерлер толық жиналып үлгерген жоқ.



Бүгінгі бокс кеші өтетін "Madison Square Garden" спорт кешеніне 20 мыңнан аса жанкүйер сыяды.



Әлем жұртшылығы тамашалайтын бокс кешін комментаторлар шаршы алаң түбінен жүргізеді.



Ал мынау жекпе-жектің төрешілері отыратын орындар



Шаршы алаңның соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.



Жанкүйерлердің кешенге кіріп, орындарына жайғасуына әлі рұқсат етілген жоқ.



Міне, спорт кешені "big drama show" кешін өткізуге дайын.





Генаны қолдауға келген қазақ жанкүйерлерінің қарасы көп.



Дәл қазір бокс кеші өтетін "Madison square garden" спорт кешеніне жанкүйерлер жинала бастады.





АҚШ-тан арнайы хабарды журналист Жолдас Өрісбай жолдайды.



Қайырлы түн, қазақ елі! 4 сағаттан кейін Нью-Йоркте жанкүйер қауым асыға күткен бокс кеші басталады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады. Ал біз арнайы репортажымызды бастаймыз.
  Пікір: 0
  0