auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Белгілі бапкерлер Головкинді қалай ұрып-жығуға болатынын айтты

Белгілі бапкерлер Головкинді қалай ұрып-жығуға болатынын айтты
Ұлыбританиялық танымал үш бапкер Джо Галахер, Питер Фьюри және Гари Локетт орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) қалай жеңуге болатынын айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

"Головкинмен шаршы алаңға шығу - бұл өте дүбірлі психологиялық сәт. Оның қарсыластары бірінші соққыны қабылдағанда, оның қаншалықты ауыр екенін байқайды. Осыдан кейін олардың жекпе-жекке жоспарлаған сценарий құрдымға кетеді. Ол бұған қалай жетеді? Менің ойымша, бұл оның табиғи мықтылығынан. Сонымен қатар, мәселе күште ғана емес. Көптеген адамдар GGG олимпиада ойындарының жүлдегері екенін ұмытып кетеді, оның әуесқой бокста тәжірибесі өте мол. Ол аяқтарымен шапшаң қимылдап, бұрыштарды жақсы тауып, сізді қыспаққа алады. Ол ұқыпты әрі ақылды боксшы. Келл Брук тобығын қайырып алғанға дейін онымен жақсы жұдырықтасып жатты. Бірінші төрт раундта ол ауыр соққылар жасады. Оның күшін ары кетсе сегіз раундқа ғана жетер еді. Жағдай басқаша болғанда ол барлық 36 минутта жұмыс істеуі керек болады, бірақ оның шамасы ондайға жетпейді. GGG жеңілмейді. Костя Цзю осындай еді, бірақ оның жолында Винс Филипп кездесті. Головкин өзінің ауыр соққыларымен қарсыласының бетін қайтарып тастайды. Соған қарамастан ол өзі де соққы жібереді. Мысалы, Мейвезер - оның толықтай қарама-қайшылығы. Ол өзін ұрғызбайды. Ал Головкин қатып тұрған нысана секілді. Бұл оның тәсілі, сол арқылы ол сіздің санаңызды алдайды. Головкинді өзіңізге қарай тарту қажет. Ол алға қарай қадам басқанда джебпен күтіп алу тиімді. Оның бірнеше соққысын алғаннан кейін сасып қалмау керек. Дер кезінде құлата білу керек. Ол сізге жете алмайтын қашықтықта жұмыс ітеу қажет. Бір сөзбен айтқанда сізге 100 пайыз төзімділік қажет, ақылмен қозғалып жақсы соққылар жасау керек. Дэнни жақсы қарсылас, бірақ ол жекпе-жек соңына дейін шыдай алмайды. Мұнымен тек Билли Джо Сондерс қарсыласуы мүмкін, бірақ Головкинмен жекпе-жек әрқашанда үлкен тәуекелге барумен тең", - дейді Гари Локетт.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама