Профи-бокс
17 наурыз 2017 21:30
 
413

Джейкобстің салмағы Головкиннен сәл ауырлау болып шықты

  Пікірлер

blog.share

Джейкобстің салмағы Головкиннен сәл ауырлау болып шықты Сурет twitter.com сайтынан

Бүгін Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 келі) болса, Джейбокстың салмағы 159,8 фунтты (72,48 келі) көрсетті. Осылайша қос боксшының салмағы 160 фунтқа дейінгі талапқа сай келді.

18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та басталады. Астана уақытымен 08:40-та рингке никарагуалық Роман Гонсалес пен Тайланд боксшысы Висаксил Вангек шығады. 07:50-де мексикалықтар Карлос Куадрас пен Давид Кармон жұдырықтасады.

Айта кететейік, "Қазақстан" және KazSport телеарналарында бокс кешінің трансляциясы 08:00-де басталады.






blog.share
Бүгін Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA regular чемпионы
Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 келі) болса, Джейбокстың салмағы 159,8 фунтты (72,48 келі) көрсетті. Осылайша қос боксшының салмағы 160 фунтқа дейінгі талапқа сай келді.

18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та басталады. Астана уақытымен 08:40-та рингке никарагуалық Роман Гонсалес пен Тайланд боксшысы Висаксил Вангек шығады. 07:50-де мексикалықтар Карлос Куадрас пен Давид Кармон жұдырықтасады.

Айта кететейік, "Қазақстан" және KazSport телеарналарында бокс кешінің трансляциясы 08:00-де басталады.






Жарнама

Живи спортом!