auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық садақшылар əлем кубогының күміс медалін еншіледі

Қазақстандық садақшылар əлем кубогының күміс медалін еншіледі
Садақ ату спорты бойынша Түркияның Анталия қаласында әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті. Қазақстандық садақшылар  күміс медальға қол жеткізді.

Бұл жөнінде Алматы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Тұратбек Чарапиев өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

"Садақ ату спорты бойынша Түркияның Анталия қаласында әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті.Қазақстандық мергендер екі кезең қатарынан ақтық сынға дейін жетіп отыр. Ойбек Сайдиев, Денис Ганкин және Сұлтан Түзелбаевтан құралған қазақстандық садақшылар алғашқы айналымда қытайлық Тайпейден 6:2 есебімен басым түсті. Ширек финалда Қазақстан құрамасының ерлері Франция садақшыларынан 5:3 есебімен айласын асырды. Жартылай финалда да 5:3 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алған болатын.

Финал 11 маусымда өтіп, қазақстандық садақ ату шеберлері алтын медальға таласта Италия құрамасына 3:5 есебімен есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Шанхайда өткен әлем кубогы кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Ол кезде бұл жетістігіміз үлкен сенсацияға бағаланса, бұл жолы спортшыларымыздың бәсекеге қабілетті екендігі дәлелденді", - деп жазған басқарма басшысы Т.Чарапиев.

Енді мергендердің үшінші кезеңдегі жарысы  АҚШ та өтеді. Бірақ біздің садақшылардың аталған додаға қатысу, қатыспауы әзірге белгісіз.

Айта кету керек, садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелігінде Алматы облысынан үш спортшы  қатысып жатыр. Олар Денис Ганкин, Сұлтан Түзелбаев және  Санжар Мұсаев.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама