auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан спорт делегациясы Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысу үшін Бакуға аттанды

Қазақстан спорт делегациясы Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысу үшін Бакуға аттанды
ҚР МСМ ресми сайтынан
Қазақстандық спортшылар делегациясы бүгін салтанатты бастау алатын IV Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысу мақсатында  Әзірбайжан астанасы Баку қаласына аттанды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Отандық спортшыларды Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов қарсы алды.

Кездесу барысында елші спортшыларымыздың додалы жарыстарда жемісті өнер көрсететіндеріне сенім білдіріп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол ірі спорт жиынына қатысу Қазақстанның халықаралық алаңдағы беделін арттыра түсетіндігін тілге тиек етті.

«Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі аталмыш ойындарға қатысу ниетін білдіріп, спорттық құрамды толықтай іріктеу арқылы жасақтады. Кеше алғашқы спортшыларымыз – дзюдоистер мен боксерлар келе бастады. Жуық арада өзге де спорт түрлерінің өкілдері келеді. Осы додалы ойындарға еліміз екінші рет атсалыспақшы. Спортшылар жаттықтырушылармен бірге биік нәтижелер көрсетуге дайын. Әсіресе бокс, таеквондо және күрес түрлерінде. Спортшыларымыздың орналасатын жерлері жақсы, инфрақұрылым жаман емес, қонақжайлы Баку қаласы бізді жақсы қарсы алды. Ислам ойындарының салтанатты ашылуына арналған шеруден кейін жарыстар да басталады», - деп хабарлады ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Серік Жақсыбаев.

Сонымен қатар, 11 мамыр күні атлетикалық қалашықта қатысушы-мемлекеттердің туын көтеру рәсімі өтті.

Бүгін отандық боксшылар жүлделер үшін жарысты бастайды. 91 кг жоғары салмақ категориясында отандық былғары қолғап шеберіміз Нұрлан Сапарбай ринг иесі, атақты боксшы Магомедрасул Меджидовпен кездеседі. Құрама командамыздың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың сөзіне қарағанда, 19 жасар спортшымыздың жеңіске деген ұмтылысы зор, ол танымал қарсыласын жеңуге әбден дайын...

Еске салып кетсек, 2017 жылғы 12-22 мамыр аралығында Әзірбайжанда IV Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді. Жарысқа 54 мемлекет және 3500 жуық спортшы қатысады. Қазақстан атынан 5 спорт түрі: бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресінде 32 спортшы қатысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама