auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Шорт-тректен құрама бапкері Олимпиадада кімнің жүлде алуға мүмкіндігі бар екенін айтып берді

Шорт-тректен құрама бапкері Олимпиадада кімнің жүлде алуға мүмкіндігі бар екенін айтып берді
©:speedskating.kz в Instagram
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадығали Қарсыбеков ертең, яғни 9-ақпан күні басталатын Олимпиада ойындарында қай спортшымыздың жүлдеге ілігу мүмкінді бар екенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

- Мадығали Абдығалиұлы, Олимпиадада қандай нәтиже көрсетеміз деп отырсыздар?

- Білесіз бе, Олимпиадада барлық спортшы жүлдеге іліксем дейді. Бірақ нақты мына орынды аламын деп айтуға болмайды. Бұл - спорт. Мұнда күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін. Эстафетада он команда қатысады. Барлығының да жеңіске жететін мүмкіндігі бар. Олимпиада сегізі іріктеліп шықты. Барлығы да рекорд орнатсам деп дайындалып отыр. Мына спортшы нақты Олимпиаданың жүлдегері атанады деп айтуға болмайды біздің спортта. 

- Қазақстандық жанкүйерлер шорт-трекшілерімізге ерекше сенім артып отыр. Біздің құраманың спортшылары жүлдеге таласа алады ма?

- Әрине. Жанкүйерлердің қолдап жатқанын да сезініп жүрміз. Оның үстіне біз Сочиде көрсеткен көрсеткіштен жақсы нәтиже көрсетуге дайынбыз. 

- Қай спортшыдан жоғары нәтиже күтіп отырсыз?

- Ерлер құрамасында эстафетада Абзал Ажғалиев, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев бар. Бұлардың барлығы да жоғары деңгейлі спортшылар. Осы жігіттер жүлдеге таласа алады. Қыздардан Әлия Ким мен Анастасия Крестова көпшілікті таңғалдыруы ықтимал. Өйткені, бұл бұрымдылар биыл жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Қыздарымыз әлі де өздерінің мүмкіндігін толық көрсете алмаса да, әлем кубогінде сәтті өнер көрсетті. Енді сол нәтижегі Олимпиадада көрсетуге шамалары жетеді.

- Олимпиададан кейінгі жоспарды құрып қойған шығарсыз ... 

- Біріншіден демаламыз. Сәуір айында демалысқа шығамыз. Содан соң Пекинде өтетін Олимпиада ойындарына қызу дайындықты бастаймыз. Оған дейін біз ерлер және әйелдер құрамасын біріктірсек деген ойымыз бар. Өйткені, қазір екі құрамамыз екі жақта дайындалып жатыр. Ерлер Голландияда, әйелдер Оңтүстік Кореяда. 

Сонымен қатар жас буынға да көңіл бөлгіміз келеді. Жастар арасында жүрген төрт немесе бес спортшы құрамаға кіруі мүмкін. Оларды құрама тартып, үлкен бәсекелестіктің арқасынла келесі Олимпиадаға ерлер арасында мықты құрама жасақтай аламыз. 

Әйелдер құрамасы туралы айтатын болса, биылғы маусымда олар эстафетада - 4,15 минутты көрсетті. Бұл өте жақсы нәтиже. Бұған дейін мұндай көрсеткішке жақындап та көрмеген едік біз. Мұның барлығы командамыздың көшбасышысы Алияның мықтылығының арқасында шығар. Қалған қыздар Алияның көрсеткішіне қарап, жақсы нәтиже көрсетіп жүр. 

Еске сала кетсек, бүгін Пхенчханда Қазақстан туы көтерілген болатын. Қысқы Олимпиада ойындары 9-25-ақпан күндері аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трек спортынан сынға түсетін Абзал Әжғалиев алып шығады.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама