Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстандықтар қысқы Олимпиаданы қай арналардан тамашалай алады?

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да бірер күн қалды.


riafan.ru
riafan.ru
ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да бірер күн қалды. Қазақстандық спортшылар Пхенчханға жетіп, жарыс қалашығына жайғасты. Ал қазақстандық спортсүйер қауым төртжылдықтың басты додасын қай арналардан тамашалайды? Бұл сұрақтың жауабын бүгін ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "facebook" желісіндегі парақшасында жариялады.

Қазақстандық спортсүйер қауым ақ Олимпиада ойындарын "QazSport", "Qazaqstan" және "Хабар" арналарынан тамашалай алады.

- Қымбатты достар!Біздің министрлік XXIII - қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімін жүзеге асыратын құқыққа ие компаниямен келіссөздерді аяқтады. Олимпиада ойындарын ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында ел тұрғындары отандық арналардың тікелей эфирінен тамашалайды. Дүниежүзі назар аударатын дүбірлі доданы "Хабар", "Qazaqstan" мен "Qazsport" арналары тікелей трансляциялау құқығына ие болды. Мәселен, "Qazaqstan" мен "Qazsport" арналары 150 тікелей трансляцияға шығуды жоспарлап отыр. Ал,"Хабар" арнасы арқылы 208 сағатты құрайтын 100 трансляция эфирге шығады. Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде Олимпиада күнделігін көрермен назарына ұсыну жоспарланған. Демек, Пхенчханға арнайы барған тілшілер тобы күнделікті соңғы ақпараттарымен бөліседі.

Біздің жерлестеріміз 9 спорт түрі бойынша сайысқа түседі.

Оңтүстік Кореяның алаңдарында ел намысын қорғайтын жерлестерімізге тек қана жеңіс тілейміз! Алға, Қазақстан!, - деп жазды министр.

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.
  Пікір: 0
  0