Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Вице-министр ресейлік депутаттың ұсынысы жайлы: Қазақстандық спортшылар - "таза"

"Сіздерге ниеттестіктеріңізді білдіріп, Ресей құрамасы қатыса алмаса Олимпиада ойындарынан бас тартуларыңызды сұраймын", - деген еді ресейлік депутат.


ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков ресейлік депутаттың Қазақстанды Олимпиада ойындарынан бас тартуға шақыру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық Олимпиада комитеті таза спортшылардың баратынын айтып отыр. Өзімнің командам жайлы, қазіргі уақытта дайындалып, жарыстарға қатысып, қалған лицензиялар үшін тырысып жатқан спортшыларымыз жайлы айтатын болсам - олардыуң барлығы "таза" спортшылар", - деді Сәкен Мұсайбеков.

"Олар ешқашан допинг қолданып көрмеген спортшылар. Оларда допингке нөлдік төзімділік. Сондықтан таза спортшылар Олимпиадаға қатыса алады, біз қатысамыз, дайындалып жатырмыз", - деді әдениет және спорт министрінің орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін ресейлік депутат Виталий Милонов Қазақстанды Олимпиада ойындарынан бас тартуға шақырған болатын. "Сіздерге ниеттестіктеріңізді білдіріп, Ресей құрамасы қатыса алмаса Олимпиада ойындарынан бас тартуларыңызды сұраймын", - делінген еді Милоновтың үндеуінде.
  Пікір: 0
  0